Компания туралы

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ президентінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 80 бұйрығына сәйкес құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% еншілес кәсіпорны болып табылады.

«ҚазМұнайТеңіз» — теңіз жобаларын тиімді басқару арқылы теңізде (Каспий және Арал теңіздері) және жағалау аумақтарында мұнай операцияларын жүзеге асырушы компания.

Теңіз жобаларындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда мердігер функцияларын орындау, сондай-ақ республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеру бойынша функцияларды іске асыру, мұнай және газ ресурстарын арттыру және одан әрі ұлғайту компания қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Компанияның болашақ дамуы халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы өсуінің ұзақ мерзімді стратегиясын айқындайды.