Басшылық

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС бас директоры

Аңшыбаев Амантай Мұратұлы

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын 1987 жылы тәмамдаған. Мұнай-газ саласындағы жұмыс өтілі — 30 жылдан астам.

Еңбек жолын 1980 жылы Байшұнас мұнай және газ өндіру цехында мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып бастап, артынша әр түрлі жылдарда мұнай және газ өндіру цехының басшысы, мұнай және газ өндіру департаменті директоры, тәжірибелік-эксперименттік өндіріс басқармасының директоры, мұнай және газ өндіру басқармасының басшысы, «ӨзенМұнайГаз» ААҚ өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ орталық басқару аппаратының бас технологы болып жұмыс істеді.

Соңғы уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өндірістік активтер департаменті директоры қызметін атқарды.