Теңіз мұнай операциялары үшін кадрлар дайындау

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС жас мамандарын оқыту және машықтанудан өткізу

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жақын жылдарға жоспарланатын теңіз мұнай-газ операцияларының кең ауқымдылығын және елімізде жоғары білікті мұнайшы инженерлердің жетіспеушілігін ескере отырып, 2006 жылы ҚМТ жас мамандарды озық дайындау бағдарламасына бастамашылық жасады.

Бағдарлама шетелдік мұнай компанияларында теңіз мұнай операциялары үшін қазақстандық кадрлар дайындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды көздеді.

Осы мақсатта 5 жыл ішінде компания ұзақ мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін мерзімге) оқу және машықтанудан өту үшін жетекші халықаралық мұнай және сервистік компанияларға жіберу үшін ең үздік түлектер мен жас мамандарға іріктеу жүргізді. 

Машықтану мәселелерінде ҚМТ  Shell, ExxonMobil, ConocoPhillips, Eni, Kellogg Brown& Root, Total, Keppel, Worley Parsons, Aker Solutions, BUE, Baker Hughes сияқты халықаралық мұнай-газ және сервистік компанияларымен ынтымақтастықта болды.

Халықаралық мұнай-газ және сервистік компанияларында барлығы 38 машықтанушы-инженер машықтанудан өтті.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру

2013 жылы ҚМТ-нің 106 қызметкері міндетті курстарда және жалпы бағыттағы курстарда, соның ішінде ДЕҚОҚ, техникалық, қаржылық-экономикалық, сапа жүйесі бойынша, тіл және магистрлік бағдарламалар курстарында оқудан өтті.