Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Теңіз жобаларын іске асыру кезінде өнеркәсіптік және экологиялық қаіпсіздікті қамтамасыз ету «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС қызметінің маңызды басымдығы болып табылады.

Мұнай операцияларының барлық түрлері еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі және теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі экологиялық мониторингіні, келісімшарттық аумақтарда мұнай операцияларын бастар алдында қоршаған орта компоненттерінің заманауи жағдайын зерттеу мақсатында толық ауқымды фондық экологиялық зерттеулер жүргізуді, қоршаған ортаға әсерді бағалауды, ашық қоғамдық тыңдаулар өткізуді, мұнай операцияларын жүргізу кезінде тәуекелдерді сақтандыруды, қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз етуді, ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының барлық түрлерін жинауды және қайта өндеу мен көму үшін жағалаулық инфрақұрылымға тасымалдауды, қоршаған ортаға эмиссия, мен арнайы су пайдалануға рұқсат алуды; қоршаған ортаға эмиссиялар мен арнайы су пайдалану үшін экологиялық төлемдерді қамтитын іс-шаралар тізбесімен сүйемелденеді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі құжаттардың барлық талаптарын орындау, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды материалдық-қаржылық қамтамасыз ету, халықаралық озық тәжірибені алу «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС компаниялар тобында экологиялық және өндірістік тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Экологиялық мониторинг деректері бойынша келісімшарттық учаскелерде теңіз мұнай операцияларын жүргізу атмосфералық ауаның, судың және су түбіндегі шөгінділер сапасының өзгеруіне әкелмеген.

Мұнай төгілуі, өрт, апаттық зиянды заттардың атмсофераға шығарылуы мен тасталуы, кемелердің соқтығысуы, адам қазасы болған жоқ.

Технологиялық апаттардың алдын алу және төтенше жағдайларға ден қою жұмыстары күшейтілді; мұнай төгілуіне ден қою және Мұнай төгілуі жөніндегі қауымдастық құру жобасының мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мамандандырылған ұйымдармен және компаниялармен өзара іс-қимыл күшейтілді. 2011 жылғы 21 қарашада «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ, «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.», «КонокоФиллипс Н Блок Б.В.» компаниялары және «Теңізшевройл» ЖШС арасында «Батыс Қазақстанда апаттық жағдайларды жою мәселелері жөніндегі жобалау тобы қызметінің шарттары» келісіміне қол қойылды. Осы Келісім шеңберінде екінші деңгейлі мұнай төгілулеріне ден қою жөнінде ұйым құру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Алтын ережелер»