Компания стратегиясы

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС теңіз мұнай-газ жобалары бойынша дамыған операторлық құзыреттері бар, жер қойнауын пайдалануға арналған құқықтарға ие мұнай-газ компаниясы ретінде дамиды.

2014 жылғы 07 ақпанда Директорлар кеңесі «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» ЖШС-ның 2022 жылға дейін даму стратегиясын бекітті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұзақмерзімді стратегиясы белгілеген ізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін компания активтерінің құнын арттыру ҚМТ-ның негізгі мақсаты  болып табылады.

Миссиясы:

Қоршаған орта мен адам денсаулығы сақталуына қамқорлық таныта отырып, теңіздегі көмірсутегі шикізатын барлау және игеру.

Ұстанымы:

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — теңіз мұнай-газ жобаларын тиімді басқаратын Каспий өңіріндегі жетекші теңіз мұнай-газ компаниясы.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС құндылықтары:

ҚМТ құндылықтары барлық шешімдеріміздің негізін құрайды және іс-қимылымызды бағыттайды.

Қазақстан Республикасы алдындағы жауапкершілік — Қазақстан Республикасының заңнамасы мен экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтау.

Жалғыз акционер алдындағы жауапкершілік — активтер қоржынын тиімді басқару есебінен оның құнын арттыру мақсатындағы Компания қызметінің нәтижелері үшін.

Жетістікке бағыт алу — қолжетімді, анық және ізгі мақсаттар қою қабілеті.

Нәтижелілік — ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, қойылған мақсаттар мен міндеттерге ең тиімді тәсілмен үнемі қол жеткізу.

Қауіпсіздік — бизнесті адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, қоршаған ортаға зиян тигізбей және төтенше жағдайларсыз жүргізу.

Адалдық — өзіне, өз жұмысына, әріптестерге, серіктестерге және жалпы қоғамға адал және жауапты көзқарас.

Таланттарды басқару, көшбасшылық (кәсіпқойлық) — біз олардың кәсіпқойлығын, белсенділігін, бастамашылығын, тұрақты жетілуге және Компанияның мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бағалайтын жоғары білікті кадрларды жұмысқа тарту. Тәжірибе алмасу, тиімді коммуникациялар және командалық рух.