«Жеңіс мұрагерлері» акциясы

29 сәуір 2010

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «KazEnergy»  қауымдастығы «Жеңіс мұрагерлері» акциясының басталғаны туралы хабарлайды

6 мен 9 мамыр аралығында, Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «KazEnergy» мұнай-газ және энергетикалық кешенінің қазақстандық қауымдастығының бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс мұрагерлері» акциясы өткізіледі. Акция, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауымен жасалған көлемді шаралардың бір бөлігі  болып табылады.

Жеңістің 65  жылдығына орай биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ардагерлік ұйымдарға арналған демеушілік көмекті 7 есеге көбейтті. Осылайша, тек «ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ-ға (республикалық деңгей және астаналық филиалы) ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету және Жеңістің 65 жылдығына арналған шараларды өткізу үшін 11 млн.теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Жеңіс Күніне арналған шаралардың негізгісі ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «KazEnergy» қауымдастығы атынан 6 мамыр күні Атырау облысы мен Астана қаласының ардагерлерін ресми қабылдау жоспарланған. Бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, арнайы концерттік бағдарлама және де ардагерлердің генерал С.К.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің кадеттерімен кездесуі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ардагерлерге ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтар, оның ішінде Жеңістің 65 жылдығына арнайы шығарылған «ҰОС жылдарындағы Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі» кітабы тапсырылады.

ҚМГ-нің дәстүрлі кездесулері тәжірибесінде алғаш рет Астана қаласындағы мерекелік түскі ас кезінде ардагерлер Мәскеу қаласында тұратын жауынгер жолдастарымен телекөпір арқылы хабарласа алады. Бұл шара Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Астана-Мәскеу» «65 жылдан кейін қазақстандық және ресейлік ардагерлердің кездесуі» деген тақырыпта ұйымдастырылады. Телекөпірдің трансляциясы on-line тәртібінде www.nur.kz/victory65  сайтында көрсетіледі..

7 мамыр күні сағат 10.30-да, «Астана-Бәйтерек» монументінің қасында ардагерлер, «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, ҚМГ, «KazEnergy» қауымдастығының, Астана қаласы әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен «Жеңіс мұрагерлері» акциясының ресми ашылуы болады. 3 күн бойы, 7 және 9 мамыр аралығында, «Астана-Бәйтерек» монументінің жанында, «Конгресс-Холл» ғимаратының алдында бейнелі «Естелік тақта» орнатылады, онда әр адам арнайы стикерлер арқылы ардагерлерге деген өз құттықтауын жазып қалдыра алады.

Сондай-ақ, 1 және 9 мамыр аралығында өздеріңіздің құттықтауларыңыз бен тілектеріңізді 4145* немесе 8 800 080 22 22 Call Centre номеріне (Қазақстан бойынша хабарласу тегін) жібере аласыздар. Бүкіл құттықтаулар www.nur.kz/victory65 сайтында on-line тәртібінде орналастырылады.

«Жеңіс мұрагерлері» акциясын Астана қаласының әкімшілігі, «Мұнайшы» ҚҚ, «Нұр-Медиа» холдингі, «Астана» ТА, «Интерфакс-Қазақстан» АА, «Қазинформ» АА, «Инфо-Цес», «МК в Казахстане», «Вечерняя Астана» газеттері қолдады.

Акцияның мобилді әріптестері - K-cell/Activ сауда маркасымен «GSM» ЖШС-і және Beeline сауда маркасымен «КаР-Тел» ЖШС-і. Интернет әріптесі www.nur.kz сайты.

Келіңіздер, қатысыңыздар!

*қызмет тек Beeline және K-cell/Activ операторларының абоненттері үшін тегін

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

 

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою