«Жамбай» жобасы

Жалпы мәліметтер

Жоба 2001 жылғы 26 желтоқсандағы Каспий теңізінің Оңтүстік Жамбай және Оңтүстік Забурунье жағалау учаскелерінде көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіруге арналған өнім бөлу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылды.

Жобаға қатысушылар

  • «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ— 50%,
  • РепсолЭксплорасион Қазақстан С. А. — 25%,
  • КаспианИнвестментс Жамбай Б. В. — 25%.

Әлеуметтік міндеттемелер

  • Жыл сайын 150 000 АҚШ доллары немесе жылдық бюджеттің 0,5% мөлшерінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру.
  • Жыл сайын жылдық бюджеттің 0,5% мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқыту.

Жоба бойынша орындалған жұмыстар

  • Далалық гравиметриялық зерттеулер (2001 ж.)
  • Көлемі 1041 қ. км 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары (2003–2005 жж.);
  • Сейсмикалық деректерді өңдеу және түсіндіру жүргізілді (2006 ж.)
  • Сейсмикалық деректерді қайта өңдеу және қайта түсіндіру жүргізілді (2008 ж.)
  • Солтүстік Еділ құрылымының барлау ұңғымасын салу алаңында далалық инженерлік-геологиялық іздестірулер (ИГІ) жүргізілді (2008 ж.).

Жоба барлау кезеңі аяқталуына байланысты аяқталды.