Қазақстандағы алғашқы бұрғылау командасы

11 шілде 2012

Каспийде отандық бұрғылау қондырғылары пайдаланылатын болады

Алиса Мейман
«Капитал» іскери апталығы, 2012 жылғы 21 маусым

Қазақстан Республикасы көмірсутегі шикізатының айтарлықтай ресурстық әлеуетіне ие. Қазақстан көмірсутектердің ресурстық базасын одан әрі дамытуды Каспий қайраңындағы кен орындарын өңдеумен байланыстырады.

Қазақстанның теңіз кен орындарын игеру «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ ҰК) үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ҚМГ ҰК 100% еншілес ұйымы болып табылатын «ҚазМұнайТеңіз» (ҚМТ) мамандандырылған теңіз мұнай компаниясын құрды. ҚМТ қызметі теңіз жобаларындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде мұнай мен газды барлау және өндіруді, республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеруді, мұнай мен газ ресурстарын арттыруды  және одан әрі ұлғайтуды көздейді.

Қайраңдық жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу технологиялық қиындықтармен және капиталды көп қажет етуімен ерекшеленетіндіктен, ҚМТ ұзақ мерзімді перспективаға  есептелген барлық жұмыс түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қайраңдық барлау мен игерудің заманауи, озық технологиялары  әдістемелеріне қол жеткізуге мүдделі. Оның үстіне Каспийдегі жұмыстар қоршаған ортаның жоғары сезімталдығы, судың таяздығы, жер қыртысының жоғары қысымы, өндірілетін шикізаттағы күкірттің едәуір мөлшері сияқты факторлардың қабаттасуымен күрделенеді.

Қазіргі кезеңде Каспий теңізінің қазақстандық секторында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде перспективалы құрылымдардың су тереңдігіне байланысты бұрғылау қондырғыларының алуан түрлері пайдаланылады.

Солтүстік Каспий жобасының жасанды аралдарында орналасқан жерүсті бұрғылау қондырғылары стационарлық бұрғылау қондырғылары болып табылады. Бұрғылау баржылары 2-ден 7 метрге дейінгі су тереңдігінде ұңғыма салу кезінде, өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғылары (ӨКБҚ) — 5-тен 105 метрге дейінгі тереңдікте, жартылай батырылмалы бұрғылау қондырғылары (ЖББҚ) — тереңірек суларда пайдаланылады.

Бүгінгі күнге дейін Каспий қайраңы қазақстандық секторының жобаларында ұңғыма салу кезінде осы уақытқа дейін әр түрлі шетелдік бұрғылау қондырғылары пайдаланылды. Бүгінгі таңда қолданыстағы бұрғылау қондырғыларының көпшілігі ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде Каспий қайраңының әр түрлі секторларында жұмыс істеп жатыр және қазақстандық секторды игеру үшін бұрғылау қуатының жетіспеушілігі сезілуде.

КТҚС игеру қарқынының артуын ескере отырып, теңіз бұрғылау қондырғыларының қызметіне де арналған сұраныс артуда. Айрықша технологиялық талаптарға сәйкес бұрғылау қуатының тапшылығынан ҚМТ келісімшарттық міндеттемелерді ұңғыма құрылысы бөлігінде уақтылы орындауға мүмкіндік болмауымен жиі кезігіп  отырады.

Осы мәселені шешу үшін ҚМТ ҚМГ ҰК-мен бірлесіп жеке бұрғылау қуаттарын қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде. КТҚС жер қойнауын пайдаланатын өзге компаниялармен бірлесіп Бұрғылау клубын құру мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар қазақстандық теңіз бұрғылау қондырғыларын салу жұмыстарына бастамашылық жасалып, жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ҚМГ ҰК және Кореялық консорциумы арасындағы Жамбыл перспективалық учаскесі бойынша келісім шеңберінде батырылмалы бұрғылау қондырғысын (ББҚ) салу аяқталды.

Бұл қондырғының модульдері әр түрлі елдерде бөлшектер бойынша жиналды, ал Еділ-Дон арнасы арқылы Қазақстанға жеткізілген соң олар Маңғыстау облысындағы қазақстандық «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС компаниясының кеме верфіндегі өндірістік қуаттарда жинақталды. Бұл қондырғы тереңдігі 2,5–5,5 метр таяз суда жұмыс жүргізуге арналған,ұңғыма бұрғылаудың максимальды тереңдігі 6 мың метрге дейін.

Осы жылы ББҚ пайдалану арқылы Жамбыл жобасы бойынша алғашқы барлау ұңғымасын салу жоспарланып отыр. Ал 14 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚМГ ҰК басшылығы өкілдерінің қатысуымен осы ББҚ-ға атау тағайындау рәсімі болып өтті. Қондырғы Caspian Explorer деп аталды, бұл «Каспий Зерттеушісі» немесе «Барлаушы» дегенді білдіреді. Caspian Explorer ББҚ-ның  болуы КТҚС-тың суы таяз учаскелерінде тапшылықтың орнын толтыруға мүмкіндік берді.

ҚМТ-ның 100% еншілес ұйымы, қазақстандық теңіз бұрғылау компаниясы «Теңіз Бұрғылау» ЖШС Caspian Explorer-дің операторы болып табылады. Осы жобаны іске асыру шеңберінде алғашқы қазақстандық бұрғылау командасы қалыптастырылады.

Бұдан басқа  ҚМТ ҚМГ ҰК  қолдауымен алғашқы қазақстандық өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) салу жобасын іске асыруға кірісіп жатыр. «Кеппел ФЭЛС Лтд» компаниясы Жобалау құжаттамасын әзірлеп шығарды, ол Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында және классификациялық қоғамдарда: Америка кеме қозғалысы бюросында (ABS) және Ресей теңіз кеме қозғалысы тіркелімінде  (RMRS) келісуден өтті. Бұл жобаны да «Теңіз Бұрғылау» компаниясы  жүзеге асырады.

Бұрғылау қондырғысын салудың негізгі көлемдері қазақстандық ресурстарды барынша тарту арқылы Маңғыстау облысының верфтерінде жүргізілетін болады. 2014 жылы ӨКБҚ салуды аяқтау жоспарланып отыр. «Теңіз Бұрғылау» ӨКБҚ пайдалануға енгізілгеннен кейін, ол КТҚС-дағы Н, Жеңіс, Жемчужины т.б. сияқты объектілерде ұңғыма бұрғылау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар ӨКБҚ-ны Каспий бассейнінің өзге де өңірлерінде бұрғылау қызметтерін көрсету үшін пайдалану мүмкіндігі де қарастырылады.

«Теңіз Бұрғылау» компаниясының Caspian Explorer-і мен ӨСБҚ-сі ең қатаң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда теңіз бұрғылау бизнесін одан әрі дамыту: жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге, қосалқы инфрақұрылымды дамыту арқылы жаңа өндірістік қуаттар және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жағалаулық теңіз операцияларын қолдау  базаларын құру және дамыту, көлік компанияларын дамыту, кемелер мен бұрғылау қондырғыларына техникалық қызмет көрсету саласында мамандандырылған компанияларды құру және дамыту, экологиялық қорғау саласында мамандандырылған компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер туындайды. Бұдан басқа, қазақстандық қамту үлесі едәуір артады және заманауи технологиялар мен ноу-хау тартылады деп күтіледі.

Сайып келгенде, осының барлығы өңірдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етуге тиіс.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою