Атқарылатын іс ауқымды

21 қазан 2009

Алматы қаласында қазан айының 6-нан 9-на дейін KIOGE-2009 көрмесі өтті. Көрменің негізгі қатысушыларының бірі «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ. Біздің сұрақтарымызға ықыласпен жауап беруге «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бас директоры  Е. Н. Марабаев келісті.

Жемчужины жобасындағы 3-ұңғыманың нәтижесіне қандай түсініктеме берер едіңіз?

— Жемчужины жобасында 3 ұңғыманың екеуі Хазар құрылымында барлау және бағалау және біреуі Әуезовте барлау үшін қазылды. Әуезовтегі барлау ұңғымасы (КС) көмірсутектің барлығын дәлелдеді. Хазар құрылымында бағалау ұңғымасының бұрғылануы Хазар-1 барлау ұңғымасының қимасында анықталған мұнайгаз кеніштерін пішіндеу, және құрылымның рентабелділігін анықтау болатын. Барлық жұмыстар техникалық жобаларға сәйкес жүргізілді. Ұңғыма құрылысында да тұрақты түрде экологиялық мониторинг жүргізілді.

Жемчужины жобасынан күтілетін оң нәтижелер ауқымы туралы айтсаңыз ?

— Хазар және Әуезов кенорындарында жеңіл мұнайдың жоғарғы шығымды ағыны алынған Ортаюра кешенінде бірнеше мұнайлы қабаттарда сынаулар жүргізілді. Көмірсутек қорын тиянақты есептеу үшін қосымша бағалау жұмыстарын жүргізу қажет, дегенмен, алдын-ала есептеулер кенорынды теңіз жағдайында рентабелді «орташа» санатқа жатқызуға болады.

ҚМТ келісім-шарттық аумағындағы геологиялық-барлау жұмыстарының табыстылық коэффициенті қандай?

— Табыстылық коэффициенті 33% құрайды (барлау-бұрғылауға енгізілген алты құрылымның екеуінен көмірсутек табылды).

Ұңғыма құрылысы бойынша негізгі қызмет көрсетуші кім?

— Ресейдің БКЕ Шельф компаниясына қарасты «Астра» ӨКБҚ (Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы).

Ұңғыма құрылысының орташа ұзақтығы қандай?

— Ұңғыма құрылысының орташа ұзақтығы 95-100 тәулік, (бұрғылау 60-65 тәулік + сынау 30-35 тәулік).

Жобаларды қаржыландыру қандай қаражаттар арқылы жүзеге асырылады?

— Қазір ҚМТ портфелінде 7 жоба бар. 4 жобаны (Жемчужины, Жамбай, Түпқараған, Аташ) қаржыландыру шетелдік әріптестердің қаражатына жүзеге асырылады, 2 жобаны (Құрманғазы, ӨКБҚ құрылыс жобасы) қаржыландыру өз қаржымыз арқылы іске асырылса, «Каспий энергетикалық хабы» жобасын (Gulf Finance House BSC) шетелдік инвестор қаржысымен қаржыландырылады.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ  қызметі басталғалы бері барлау үшін қанша инвестиция құйылды және олар қандай қаражаттар арқылы қаржыландырды?

— «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ  қызметі басталғалы бері 24,5 млрд.тенге салынды, оның 89% жобалар бойынша әріптестердің қаржысы болса, 11 % «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз қаражаты.

Сіздің пікіріңізше Қаспийдегі жобаларды қаржыландыруда шетелдік инвесторлардың мүдделеріне ағымдағы қаржылық дағдарыс қаншалықты теріс әсер етуі мүмкін?

—  Мұнай-газ саласындағы инвестиция ұзақ мерзімдік болады. Сондықтан, кейбір инвесторлардың мүдделеріне қаржылық дағдарыс әсер етсе де, ұзақ мерзімдік мұндай мүдде болашақта қалыпқа келеді деп күтіледі.

—  Ағымдағы қаржылық дағдарыс компанияның  құнына  қаншалықты әсер етті?

— Компания құны қаржылық дағдарыстан зиян шеккен жоқ. Оның үстіне ол өсу үстінде – бұрғылау, деректерді зерттеу және барлау бойынша жұмыстар жалғасуда. Мұнай-газ компаниялар ұзақ мерзімді (40-50 жыл), ал әрбір мұнай-газ активінің құны дағдарысқа қарамастан коммерциялық табылымның ықтималдылығының көбеюіне орай өсе береді. Осылайша компания Жемчужины блогында  Хазар және Әуезов құрылымдарында үш ұңғыманы табысты бұрғылап, нәтижесінде көмірсутек белгілері анықталғанына қарап компанияның теңіз мұнай жобаларының келешегі мол, және жүзеге асыру мерзімінің ұзақтығына қарамастан пайдалы. Компания бұдан былай да оның құнын көбейтуге барлық күш-жігерін жұмсайды.

ҚМТ құрылғалы бері қазақстандық мамандар мен ҚМТ қызметкерлерін дамыту және оқытуға қанша қаржы жұмсалды?

ҚМТ қызметкерлерін дамыту және оқытуға және қазақстандық мамандарды дайындауға 2005 жылдан бергі мерзімде 13 млн. АҚШ долларын жұмсады. ҚМТ мен ЕТҰ 554 қызметкерлері оқытылып, 841 студенттің оқуы қаржыландырылды.

Қанша қызметкер халықаралық компанияларда тағлымдамадан өтті және бүгінде ҚМТ-да қанша тағлымгер бар?

Теңіз мұнай операцияларын жүргізу үшін қазақстандық мамандарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде алдыңғы қатарлы әлемдік мұнай-газ компанияларында 24 инженер-тағлымгерлер өтсе, қазір 37 инженер-тағлымгер оқуда және тағлымдамадан өтуде.

Барлау жұмыстарында Қазақстандық мазмұнның үлесі қандай мөлшерде ?

— Бұрғылау жұмыстарындағы Қазақстандық мазмұнның үлесі жобамен 25-30% құрайды.

Түздік геофизикалық жұмыстарда Қазақстандық мазмұнның үлесі жобамен 60-70%  құрайды.

КТҚС ұңғыма бұрғылау үшін өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысының құрылысы Қазақстанда қарастырыла ма?

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялық комитетінің 2005 жылғы 7 шілдеде Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысының (ӨКБҚ) құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы шешімі қабылданды.

Жоба операторы болып «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 100% еншілес компаниясы 2008 жылы әдейі құрылған «Теңіз Бұрғылау» ЖШС болып  табылады. ӨКБҚ жобалық құжаттарын жасақтау бітті. ӨКБҚ жобалауға мердігер «Кеппел ФЭЛС Лтд». (Сингапур) компаниясы таңдалды.

Техникалық сипаттамасы: ӨКБҚ Кеппел «В» класы, 5-тен 80 метрге дейін су тереңдігінде тереңдігі 6000 метрге дейін мұнай-газ ұңғымалар құрылысы үшін қазіргі таңда жобаны қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында қаржы институттарымен және ықтимал әріптестермен жұмыстар жүргізілуде.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ  табиғатты қорғау шараларына қанша қаражат жұмсамақ ?

2005 жылдан 2009 жылға дейінгі мерзімде қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға 1,3 млрд. тенге жұмсалды (ҚОӘБ жобаларын жасақтау, фондық экологиялық зерттеулер, мұнай операцияларына экологиялық мониторинг, қоғамдық тыңдаулар өткізу, жойылған ұңғымаларға мониторинг және т.т).

Төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты бірыңғай жүйе құру жөнінде айтып өтсеңіз ?

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жоғары санатты күрделі төтенше жағдайлардың алдын алуда бірыңғай жүйе құру мақсатында мемлекеттік деңгейде сайма-сай әсер тигізудің жүйесін құру туралы мәселе қойылды. Осы мәселе бойынша құжаттар дайындалып, одан әрі қарауға ведомтсвоаралық комиссияда қарау үшін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігіне жіберілді.

Компания қызметінде жаңа технологиялар кең қолданыс табуда және табиғатты қорғау заңнамаларының талаптары сақтала ма ?

Құрылымдарды табу және талдау, сондай-ақ келешегі мол нысандарға іздеу-барлау ұңғымаларын орналастыруға дайындау үшін компания 2D және 3D (екі-үш өлшемді) сейсмобарлау жұмыстарын үздіксіз үдетуде. Соңғы жылдары теңіз мұнай-газ операцияларының ең жаңа ақпараттық технологиялары енгізілуіне байланысты сейсмобарлау жұмыстарының сапасы және деректерді өңдеу мен түсініктемелеу жеделдігі жоғарылады.

Технологияны қабылдаудың негізгі өлшемі көмірсутектерді барлау және өндіру  бойынша жұмыстардың тиімділігін едәуір көтеру, сондай-ақ өндіріс қауіпсіздіғін сақтау және қоршаған ортаға теріс әсерді мейлінше азайту болып такбылады.

Компания қандай табиғатты қорғау шарасын қай бағытпен жүргізеді?

— Компания, пайда болған барлық қалдықтарды Баутино кенті аймағындағы арнайы полигонда жою үшін арнайы ыдыстарға жинақтап жағалауға тасымалдау арқылы «ешбір қалдықсыз» қағидасын ұстанады. Осылайша, теңізге қалдық  тасталымы болмайды. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдары

теңіз мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру шеңберінде тұрақты түрде қоғамдық тыңдаулар өткізеді, онда жұртшылық өкілдеріне жоспарланған мұнай операциялары мен қоршаған ортаға әсерді бағалау жөнінде ақпарат береді.

Өткен мерзім ішінде 11 ірі ауқымды экологиялық зерттеу, оның ішінде 17 кіші ауқымды мониторингтік байқау жүргізілді.

Теңіздегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені қолданасыздар ма?

Ең әуелі «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бизнес бойынша серіктес   Аджип, Шелл, Тоталь, Репсол, Лукойл және  Роснефть сияқты компаниялардың тәжірибелерін пайдаланады.   Апатты мұнай құйылып кетуін жою жөніндегі халықаралық мамандандырылған компаниялармен қызмет көрсету жөніндегі келісімдер бар. Біздің мамандар өндірістік экологиялық тәуекелдерді басқару мен бағалау бойынша тренингтерде байқаушылар есебінде қатысады, төтенше жағдайларға әсер тигізу мен басқару     бойынша бірлескен тақырыптық үйренімдерге, соның ішінде мұнай құйылып кетуіне  әсер етуге қатысады.

ҚМТ компаниясының құрылғанына алты жылдан астам уақыт өтті. Оның қызмет қорытындыларын қалай бағалайсыз?

Ең бастысы компания қалыптасты. «Теңіз Мұнай Компаниясы» ретінде құрылған  «ҚазМұнайТеңіз» көмірсутегі ресурстарын теңізде барлау және өндіру саласында Қазақстанның көшбастаушы компаниясы болуға талпынады. Жобалар бойынша әріптестермен бірлесе әлеуметтік жобалар мен оқытуды қаржыландыру міндеттемелерін орындайды. Жыл сайын жобаларды жүзеге асыру аясында Маңғыстау және Атырау облыстарында 1,5 млн. АҚШ доллары және қазақстандық мамандарды оқытуға 2,4 млн. АҚШ доллары бөлінеді. ҚМТ өз жұмысында теңіздегі барлау мен өндіру саласында отандық сенімді және кәсіби компания имиджіне ұмтылады.

Ресей компанияларымен ынтымақтастық нәтижелерін қалай бағалайсыз?

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ресейлік әріптестермен ынтымақтастықты өте тиімді деп бағалауға болады. Бүгінде ҚазМұнайТеңіз ресей компанияларымен төрт жобаны жүзеге асыруда. Қол қойылған келісімдерге сәйкес біз ресейлік әріптестермен Түпқараған, Аташ және Жамбай жобалары бойынша «Лукойлмен» бірлесіп, ал Құрманғазы жобасы бойынша «РосНефть» компаниясымен жұмыс атқарып жатырмыз.

Осындай ынтымақтастыққа Түпқараған, Құрманғазы және Аташ учаткелеріндегі барлау ұңғымаларын бұрғылауда күткен нәтижелердің болмауы әсер еткен жоқ па?

Алынған зерттеулердің нәтижелері нақты геологиялық деректер  мен жобалық моделге енгізілген деректердің арасында  айтарлықтай айырмашылық бар екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Айта кету керек, алдын-ала зерттеу нәтижелеріне сүйеніп учаскелер келешегінің төменділігі туралы біржақты қорытынды жасау мүмкін емес. Қазіргі уақытта мұнай-газдың қорлану аймақтарын бөлуге және көмірсутек ресурстарын бағалауға арналып алынған материалдарды талдау және қорыту бойынша жұмыстар орындалуда. Келешегі мол  жобалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарының одан арғы бағыттары  жөнінде  кепілдік беруге камералдық    жұмыстар жоспарлануда. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, осы құрылымдарда келесі барлау ұңғымаларын бұрғылау мүмкіндіктері қарастырылады.

Жалпы, бұрғылаудың сәтсіз нәтижелері Каспий қайраңының қойнауын игерудің мақсатқа сәйкестілігіне күдік туғызбай ма?

Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде Кашаған, Кайраң, Ақтоты, Оңтүстік-Батыс Қашаған және Қаламқас-теңіз кенорындары ашылғандағына, сондай-ақ барлау-бұрғылау нәтижесінде Жемчужины блогы бойынша Хазар және Ауэзов құрылымдарында мұнайдың өндірістік ағындары бар екені расталғандығына назар аударғаныңызды қалар едім. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторында зор көлемде көмірсутектік қуат бар деген сөз

Сол себепті Түпқараған, Құрманғазы және Аташ құрылымдарындағы барлау ұңғымаларының әркелкі нәтижелері аталған аудандарда көмірсутектердің табылу мүмкіндігін төмендете алмайды, керісінше   мүмкіндігі әлі де жоғары болып қалып отыр. Әлемде статистика бойынша іздестіру – барлау жұмыстары кезеңінде тек барлау ұңғымаларының 30 пайызы ғана оңды нәтиже береді, соның арқасында мұнай компанияларына қаржылық табыстылықты қамтамасыз етеді және келешегі бар  жаңа учаскелерді барлауды инвистициялауға мүмкіндік береді.

Компания қызметіне жұртшылық қалай қарайды?

Қоғам өз қызметін БАҚ құралдары арқылы кеңінен жарыққа шығарып тұрады. Қоғам өз қызметі мерзімінде  теңіз мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін бағалау жобалары жөнінде 15 қоғамдық тыңдаулар өткізді. Теңіз мұнай жобаларын жүзеге асыру тұрғылықты халықтың өмір деңгейіне және  табысына, еңбекпен қамтылуына,   әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жақсы әсер етуде.

Қоғам мен оның ЕТҰ қызметіне жергілікті халықтың оң көзқараста  екендігі өткізген қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларында көрініс тауып отыр. 

«ҚазМұнайтеңіз» ТМК АҚ қашан және қалай құрылды?

«ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» акционерлік қоғамы 2003 жылдың 14 наурызында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президентінің №80 бұйрығымен құрылды және 100% «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны болып табылады.

«ҚазМұнайтеңіз» ТМК АҚ қандай қойнау пайдалану келісім-шарттарына қатысады?

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ  өзі және ЕТҰ арқылы жерқойнауын пайдалану келісім-шарттарына қатысады. Атап айтсақ:

  • 2003 жылғы 29 желтоқсанда жасалған «Аташ» учаскесі аймағындағы барлау жүргізу бойынша келісім-шарт;
  • 2001 жылғы 26 желтоқсанда жасалған «Жамбай Оңтүстік – Оңтүстік Забурунье» учаскелеріндегі Өнімді бөлу жөніндегі келісім;
  • 2005 жылғы 14 желтоқсанда жасалған «Жемчужины» келісім-шартты аумағында өнімді бөлу жөніндегі келісім;
  • 2005 жылғы 6 шілдедегі «Құрманғазы» құрылымы бойынша  өнімді бөлу жөніндегі келісім;
  • 2003 жылғы 29 желтоқсандағы «Түпқараған» учаскесі бойынша өнімді бөлу жөніндегі келісім

 

Егемен Қазақстан
21 қазан 2009

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою