Сенім күші

19 қазан 2007
Әлемде күн сайын 84 миллион баррелей мұнай тұтынылады. Бұл цифр жыл сайын ұлғайып отырады. Бұл ретте, статистика куәландырып отырғандай, соңғы 20 жылда қара алтынның пайдаланылғанынан табылғаны азғантай. Сондықтан әлемдік мұнай өндіруші сектордың қатысушылары Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі «Жемчужина» жобасы бойынша алғашқы барлау ұңғымасында көмірсутектің бар екендігі туралы хабарды оптимизммен қабылдады. Көмірсутегінің бар екенін көрсетіп отырған «Жемчужины» келісім-шарттық аумағының «Хазар» құрылымындағы барлау ұңғымасын қатысушысы Қазақстанның теңіз жобаларын жүзеге асыратын мұнай компаниясы — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ болып табылатын, оператор бұрғылады. Компанияның жоспарлары, оның қызметі мен келешегі туралы бас директор Марабаев Ермекпен әңгімелескен едік.


— Ермек Нәсібқалиұлы, сіз жақында ғана компанияның бас директоры лауазымына тағайындалдыңыз. Бірінші басшы бола отырып қандай мәселелерге кезіктіңіз?

— Шындығында мен жаңада ғана бас директор болдым, бірақ бұған дейін осы компанияның бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет істегендіктен компанияның ерекшеліктерімен жақсы таныспын. Сондықтан төтенше белгісіз бір нәрселермен ұшырастым деуге келе қоймас, керісінше компанияда болып жатқан барлық процестер маған етене таныс әрі түсінікті. Біз өз жұмысымызда өзіміздің жалғыз акционеріміз — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның талаптарына жауап беруге талпынамыз. Демек, біз алдымызға қойылған міндеттерді шешуде Каспий теңізінің қазақстан секторындағы көмірсутектерін барлау мен өндіру аясындағы сенімді, білікті және тиімді компания болу үшін жұмыс істейміз. Қаржысыз және әдістемелік көмексіз біздің миссиямыздың орындалуы мүмкін емес. Бұл тапсырмаларды орындауда бізге төл компанияның өзі түрлі көмек көрсетіп отыр.

2007 жылдың наурыз айында құрылғанымызға 4-ақ жыл болғанымен, компания жұмысының ерекшелігі мен миссиясы — Каспий теңізі айдынындағы мұнай-газ кен орыдарын жеделдетіп барлау мен игеруде бір талай тәжірибе жинақтадық. Біз перспективалы теңіз мұнай жобаларының тағдырын мемлекет сеніп тапсырған тұңғыш компаниямыз. Осының өзі-ақ ерекше ыждахаттылық пен жоғары жауапкерілікті талап етсе керек. Менің басқаруыма берілген ұжым Б. Ізмұхамбетов, А. Балжанов, Б. Хасанов, К. Ыбырашев сияқты біздің республикамызға аттары белгілі мұнайшылардың басшылығымен қалыптасты және осы жауапты эстафетаны жалғастыру менің тағдырыма жазылыпты.

— Ермек Нәсібқалиұлы, сіз мұнайшылар әулетіненсіз, сонымен қатар отандық және шетел мұнай компанияларында жұмыс істеп үлкен тәжірибеден өткен бағалы мамансыз. Компанияның басшысы бола отырып бүгінгі таңда алдымен қандай міндеттерді шешуге ниет қылып отырсыз?

— Әлемге танымал болу. Біздегі ахуал дұрыс, сондықтан жауапты да күрделі жұмыстарды сеніп тапсыратын, қазіргі заман талабына сай мұнай-газ компаниясы болуға талпынамыз. Қазіргі уақытта мен басқаратын ұжымның алдында процестерді жоспарлау мен басқару жүйесінің алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана отырып, теңізде жүргізілетін операциялардың барлық түрлерін қарау және дұрыс шешім қабылдау механизімін меңгеру міндеті тұр. Біз процестер мен жобаларды басқару жүйесінде тек тәжірибе алмасып қана қоймай, сонымен қатар оны нақты біздің жағдайымызға бейімдегіміз келеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай бизнес-процестерді оңтайландыру тұтастай алғанда ұйым қызметінің тиімділігін анағұрлым көтеруге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл — компанияның келешектегі тиімді қызметінің кепілі болып табылады. Міне сондықтан біз әлемдік тәжірибеде қабылданып отырған стандарттарды басқаруды «ҚазМұнайТеңізде» қолдануға күш саламыз.

— Процестерді басқарудың жаңа жүйесіне көшу уақыттың әсерімен келген жаңалыққа ілесу ғана емес, «ҚазМұнайТеңіздің» дүниежүзіне аттары әйгілі компаниялармен белсенді ынтымақтасуына да байланысты екені анық қой.

— Сөзссіз. Бірқатар жобалар бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы мұнай компанияларымен жұмыс істей отырып біз жоғары талапқа сай болуға тиіспіз. Қате шешім қабылдау тәуекелін азайту үшін осы мәселелерді реттеу процесі маған алға жылжудың жалғыз дұрыс жолы болып көрінеді. Біздің міндетіміз соңғы технологиялар мен жинақталған тәжірибелерді компанияның жұмыс жағдайына табысты бейімдеу болып табылады. Бұл ретте, қоршаған ортаға тиімсіз әсерді барынша азайтумен бірге өндіріс қауіпсіздігін сақтай отырып өзімізге қажетті процестерді басқару жүйесін таңдап алудың басты өлшемі, оның көмегімен көмірсутектерін барлау мен өндіру бойынша жұмыс тиімділігін қаншалықты арттыруға болатыны.
Ал ынтымақтастыққа келетін болсақ, іс жүзінде біздің әр бір жобамыз шетелдік серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайТеңіз» шетел компанияларымен бірлесе отырып бес жобаны іске асыруда. Қол қойылған келісімдердің шеңберінде біз «Түпқараған» және «Аташ» жобалары бойынша «Лукойл Оверсиз Шельф БВ», ал «Кұрманғазы» жобасы бойынша -«РосНефть-Қазақстан» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. 2006 жылдың ақпанынан бастап біздің компания Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 8,33% көлеміндегі үлесі табысталған «KMG Kashagan  B. V.» компаниясының басқарушы директоры болып табылады. «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы — «Жемчужины» жобасының белсенді қатысушысы. Жоба бойынша серіктестері «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» және «Оман Перлз Компани Лимитед». «Жемчужины» аумағында орналасқан «Хазар» құрылымындағы алғашқы іздестіру ұңғымасы көмірсутегінің бар екенін көрсетті. Бұл Каспий теңізінің қазақстан секторында көмірсутегі әлеуетінің жоғары екенін көрсететін тағы бір жақсы көрсеткіш.

— Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жұмыстардың көптеп шоғырлануынан табиғат ортасына, өңірдің флорасы мен фаунасына көп күш түседі. Компания қоршаған ортаны қорғау саласында қандай саясат ұстанып отыр?

— Өңірдің табиғи балансын сақтау — біздің компаниямыздың саясаты мен стратегиясының ең маңызды бөлігі. Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнамалар мен халықаралық құқықты қатаң сақтайды. Менеджменттің, табиғатты қорғау іс-шаралары мен қазіргі заманғы технологияны енгізудің тиімді ұштасуы қоршаған ортаға әсердің ең аз мөлшереде болатынын айтуға мүмкіндік береді. Сонымен, қазіргі уақытта «ҚазМұнайТеңіздің» барлық жұмыстары нөлдік тастаулар қағидасымен жүргізіледі. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар бұрғылау қондырғысының арнайы сыйымдылықтарына жиналады және одан әрі арнайы полигондарда кәдеге асырылу үшін жағалауға тасымалданады. Біздің перспективасы бар учаскелерді барлау және ұңғымалар салу жөніндегі авариясыз жасап отырған жұмысымыз келешекте де қоршаған ортаға ешқандай әсер етпейтініне сенім білдіреміз. Бұл үшін барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде қазіргі ең жаңа және дүниежүзілік стандарттарға сай келетін технологиялар, механизмдер мен аспаптар қолданылады. Біз компания жобаларды іске асырып жатқан жерлерде тұрақты түрде экологиялық мониторинг жүргізіп отырамыз.
Әзірге бұл байқаулар жергілікті сипатта, бірақ ең жақын арада Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде өңірлік экологиялық мониторинг жүйесін әзірлеуге және енгізуге біздің қатысуымыз жобаланып отыр.

— Экология түсінікті болды, ал сіздің компанияңызда кадр мәселесі қаншалықты өткір қойылып отыр. Білікті де жауапты қызметкерлер табу қиынға соқпай ма?

— Жобаларды басқарушы компания ретіндегі «ҚазМұнайТеңіз» МТК АҚ-мы үшін кадр — бұл мейлінше құнды актив. Осыдан шыға отырып өз жұмысын адал атқаратын және мақсатқа бейім, өзін-өзі жетілдіруге дайын қызметкерлерді біз ұдайы іздестіріп жүреміз. Мен, басшы ең алдымен ақылды: әр бір қызметкерде бар жасырын әлеуетті көре алатын және оның білімі мен қаблетін компаниясының пайдасына жұмсай алатын болу керек деп есептеймін. Біздің мансаптық өсу бөлігіндегі саясатымыз қызметкерлердің кәсіби мамандығы мен жеке басының қасиетіне қарай құрылатын болады. Қазір бізде 110 шақты адам еңбек етіп жүр. Бұлар білікті де жауапты мамандар. Қоғам қызметкерлерінің 60% ағылшын тілін білдеді және күнделікті жұмысында қолданады. Көпшілігі біраз уақыт батыстың компанияларында жұмыс істегендер. Сөз жоқ, тұтастай алғанда барлық өндіруші индустрия бойынша білімді мамандар табу мәселесі бар. Оның себебі осыдан он-он бес жыл бұрын мұнайдың бағасы төмен және біздің салаларымыздың болашағы бұлдыр болды. Мектеп бітрушілер техникалық мамандық алуға асыққан жоқ. Бұл кезең шамамен 10 жылдай созылды. Осы уақыт ішінде салада көп жылдар еңбек етіп жүрген адамдар қартайып, зейнеткерлік жасына жетті. Ақыр соңында мамандар азайып қалды. Ал қазіргі уақытта жағдай түбірімен өзгерді. Мұнай-газ өндіру саласына деген қызығушылық күннен-күнге өсіп келеді, оны біз өз компаниямыздан-ақ көріп отырмыз. Бүгінде «ҚазМұнайТеңіз» МТК АҚ-мы қызметкерлерінің орташа жасы — 38 жыл. Бұдан басқа, біздің компания теңіз мұнай жобаларында жұмыс істеуге қажетті кадрларды белсенді түрде өзі қалыптастырып отыр. 2006 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде біз 250 ден астам жас инженерлерді шетелдің мұнай-газ компанияларында тәлімдемеден өту және оқыту үшін жіберуді ойластырып отырмыз. Шетелде қазірдің өзінде өндіріс бойынша 5 инженер (Милан, Италия, Eni корпоративтік университеті); 2 инженер бұрғылау бойынша (Хьюстон, АҚШ, ConocoPhillips); 2 инженер әзірлеу және жайғастыру бойынша (Хьюстон, АҚШ, ExxonMobil); 2 инженер ЕДҚҚ және теңіз логистикасы бойынша (офис және BUE өндірістік объектілері); 2 инженер геология бойынша (Францияның университеттерінде Total компаниясының магистерлік бағдарламасы бойынша) тәлімдемеден өтуде.

— Ермек Нәсібқалиұлы, жауырда «Мұнайшы» қайырымдылық қорына сіздің әкеңіздің аты берілді. Бизнестегі қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершіліктің қандай болатыны туралы сіз де тек естіп қана қоймаған боларсыз. «ҚазМұнайТеңіз» қазіргі уақытта қандай әлеуметтік бағдарламаларды қолдап отыр?

— Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі — бұл бизнестің қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларына өз бетімен қосар үлесі. Бұл түсінік біздің компаниямызда соңғы орында емес. Компанияның әлеуметтік саясаты ең алдымен мұнайшылардың еңбегі мен тұрмысына, қызметкерлер мен олардың жанұяларының демалысы мен емделуіне қажетті және қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған. Біз компания жұмыс істейтін өңірлердегі халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарын мақсатты қолдау бағдарламасын табысты іске асырып отырмыз.
Қазақстанның Маңғыстау және Атырау областарында «ҚазМұнайТеңіз» мектеп, аурухана, балар үйін салуға спонсорлық көмек көрсетіп келеді. Мысалы үстіміздегі жылғы көктемде компанияның және оның серіктестерінің қаржысына Жаңаөзен қаласындағы облыстық жетім балалар үйіне күрделі жөндеу жүргізілді, Маңғыстау облысының Құрық поселкесінде бала бақшасын салуды қолға алдық. Жыл сайын біздің компаниямыз серіктестерімен бірлесе отырып әлеуметтік жобаларға 1,4 миллиондай доллар бөледі. Қазақстан азаматтарын оқытуға да үлкен көңіл бөлеміз. Оған жылына 2 миллионнан астам доллар жұмсалады. Компания қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу оырндарымен, атап айтқанда Қазақстан-?Британ техникалық университетімен, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Атырау политехникалық университетімен, Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Мемлекеттік университетпен, сондай-ақ Мәскеудің Губкин атындағы мұнай және газ академиясымен және жақын уақыттардан бері — шетелдің жоғары орындарымен бірлесіп жұмыс жасайды. «ҚазМұнайТеңіз» анағұрлым терең білімі бар студенттердің оқуына ақша төлейді, ал оқуларын аяқтағаннан кейін, олардың ең үздіктерін теңіз жобаларына жұмысқа шақыруға мүмкіндік алады. Біздің басты стратегиялық мақсатымыз — теңізді барлау мен көмірсутегін өндіру саласындағы алда келе жатқан компаниялардың қатарына ену. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою