Каспий зиян тартпайды

21 мамыр 2007
Каспий айдынының солтүстік бөлігіндегі «Жемчужина» учаскесінде орналасқан «Хазар-1» барлау ұңғымасының құрылысы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірмейді. Мұндай тұжырымға, 10 мамыр күні өткізілген қоғамдық тыңдауда  сөз алған экологтер Г.П.Волков пен А.А.Аббатов келіп отыр.  Жобаның Операторы «Каспий Меруерті Оперейтинг Компании Б.В.», акционерлері  «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ, Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед және Оман Перлз Компании Лимитед болып табылады.  «Каспий Меруерті Оперейтинг Компании Б.В.» сендіруі бойынша Каспий теңізінің экологиялық жай-күйіне әсер осы заманғы технологияларды қолданған, табиғатты қорғау жөніндегі  іс-шаралар мен Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы талаптарды орындаған жағдайда, рұқсат етілген деңгейден  аспайды.

2007 жылы «Жемчужина» учаскесінде ұңғыма салау және барлау ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын бастамас бұрын учаскеде   инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыстардың бірінші кезеңінде учаскені геофизикалық, инженерлік-геологиялық және экологиялық зерттеулер жүргізілді және әлі де жүргізіліп жатыр. Қазір екі барлау ұңғымасын бұрғылау мезгілі жетті. Біріншісі 2007 жылдың аяғына қарай дайын болады.

Экологиялық зерттеулер департаментінің аға менеджері А. Аббатовтың сөйлеген сөзінен үзінді келтіреміз: «Мен әсердің маңызы төмен болады деп ойлаймын. Негізінен барлық әсерлер барлау ұңғымаларын бұрғылау басталған кезеңде сезіледі.  Одан әрі, өндіру процесі басталған кезде, барлығы салынып болғаннан кейін, табиғи орта қалпына келе бастайды».
    2007 жылы барлық жұмыстар нөлдік тастаулар принципі бойынша жүргізілетін болады. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар  бұрғылау қондырғысындағы сыйымдылықтарға жиналады және арнайы полигондарда одан әрі кәдеге асыру үшін қалдықтар жағалауға тасымалданады. Топырақ пен суды ластаудың алдын алу жөнінде  шаралар қолданылатын болады. Экологтардың пайымдауы бойынша учаскені барлау мен ұңғыма салу жөніндегі жұмыстар авариясыз жүргізілсе қоршаған ортаға маңызды әсер етпейді.

Қоғамдық тыңдауға чиновниктерден басқа зейнеткер-мұнайшылар да қатысты. «Каспий Меруерті Оперейтинг Компании Б.В.» коипаниясының өкілі Тони Фишер тыңдауға шақырылған, елге еңбек сіңірген мұнайшылар, Лениндік және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары Виктор Нечаев, Сабыртай Қартпаев, Базарбай Қосмағамбетов, Сүйіндет Салмановтарға және басқа да кеңестік геологиялық барлау мектебінен өткен майталмандарға арнап трибунадан сөз сөйлеп, мол мұнайды іздеп табу жолдарын неғұрлым жақсырақ ұйымдастыру жөнінде пікір бөлісіп, кеңес берулерін сұрады.  Құрметті мұнайшылар жобаға өздерінің ұсыныстарын беріп, ескертулерін енгізді.

Дегенмен, жарыссөзге қатысқан жұртшылықты басқа тақырып – қоршаған ортаға келтірілетін қолайсыз әсерді қайтсе азайтуға болады деген мәселе анағұрлым алаңдатты.  Тыңдауда сөз алған мамандардың да басты әңгімесі де осы туралы болды.

Айтылған барлық сөздерді екшеп жатпай-ақ, теңіздің қорықтық аймақтарында барлау-іздестіру жұмыстарын жобалық шешімдерге сәйкес қазіргі ең жаңа және әлемдік стандарттарға сай технологияларды, механизмдерді, жабдықтарды және аспаптарды қолдана отырып жүргізу кезінде табиғатқа ең аз зиян тигізіледі деген қорытынды шығарылғанын атап айтуға болады. Экологтардың тұжырымдарының дұрыс екендігіне күмән келтіруге бізде ешбір себеп жоқ. Олардың кәсіби шеберлігі мен білімдеріне сенім артылады. Каспийдің мол мұнайы елімізге және атап айтқанда өңір үшін өте қажет.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы екі тармақтан тұратын: 1) жасалған баяндамаларды назарға алу; 2) «Жемчужина» учаскесінде орналасқан «Хазар-1» құрылымында № 1 барлау ұңғымасын, қоршаған ортаға әсерді бағалау  жөніндегі мәселелерді талқылау барысында айтылған ескертулерді, ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып салу жоспарлармен келісу туралы қаулы қабылдау болды.

Наталья ОМЕЛЬЧЕНКО,
Ақтау

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою