Шетпе кентінде Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының аяқталуы туралы

24 қазан 2012

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ү.ж. 24 қазанында Шетпе кентінде жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы болды.
Бұл әлеуметтік жоба серіктестердің «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ қатысуымен құрылған «Түпқараған» жобасы қаржыландыруымен жүзеге асырылды.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және оның шетелдік серіктестері өз қызметінде ең жоғары стандарттарды ұстанады және өз міндеттемелері шеңберінде өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі үлес қосып отыр.

Жасалған Қаржыландыру туралы келісімге сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі уәкілетті ұйым арқылы мердігерлерді таңдауды ұйымдастырды және құрылыс барысына техникалық қадағалау жүргізіп отырды.

Техникалық жобаны әзірлеуді және «кілтпен тапсыру» шартында құрылыс жүргізуді қоса алғанда, объектінің жалпы құны 340,0 мың АҚШ долларын құрады.

Техникалық жобаны «Nesibek-Nyr Proqect» ЖШС әзірледі, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысын бас мердігер — «Мантеком» ЖШС жүзеге асырды.

Анықтама:

«Түпқараған» жобасы

2003 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында Каспий теңізінде орналасқан «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнім бөлу туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Өнім бөлу туралы келісім бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтары Өнім бөлу туралы келісімнің тең құқылы тараптары болып табылатын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» компаниясына берілді.
Каспий теңізінің шельфінде мұнай жобаларын іске асыру үшін құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» 100% еншілес компаниясы болып табылады.

2004 жылы «Түпқараған» жобасын іске асыру үшін «Түпқараган Оперейтинг Компани Б.В.» бірлескен операциялық компаниясы құрылды. «Түпқараған» учаскесі Каспий теңізі қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасқан.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 2003 жылғы 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес компаниясы болып табылады.

Маңғыстау облысы, Шетпе кенті.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою