Қазақстандық алғашқы өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салуды бастау туралы баспасөз хабарламасы

5 шілде 2012

2012 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Кеппел Қазақстан» ЖШС мен «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС құрған консорциум және «Теңіз Бұрғылау» ЖШС арасында алғашқы қазақстандық өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) «кілтпен» салуға арналған келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстандық ӨКБҚ салу жобасы ең озық қазақстандық инновациялық жобалардың бірі болып табылады.

«Кеппел ФЭЛС Лтд» компаниясы әзірлеген жобалық құжаттама Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында және классификациялық қоғамдарда: Американдық кеме қозғалысы бюросы (ABS) мен Ресей теңіз кеме қозғалысы тіркелімінде (RMRS) келісілді.

ӨКБҚ жүйелері белсенді тоттану жағдайларында, сондай-ақ күкіртсутекті ортада жұмыс істеуге арналған. ӨКБҚ жобасы нолдік ластауды, яғни өндірістік қызмет нәтижесінде туындайтын барлық қалдық түрлерін теңізге лақтыруға толық тыйым салуды көздейді. Барлық қалдықтар герметикалық контейнерлерге жиналып, өңдеу және пайдаға жарату үшін жағаға тасымалданады.

Жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының қолдауымен «Теңіз Бұрғылау» ЖШС («ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 100% еншілес ұйымы) іске асырады.

ӨКБҚ салу 1000 адамды тарту арқылы Маңғыстау облысының верфтерінде жүргізіледі және 2015 жылғы бірінші тоқсанда аяқталады. 5-тен 80 метрге дейін операциялық теңіз тереңдігінде ұңғыма бұрғылауға арналған алғашқы қазақстандық өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Каспий теңізінің қазақстандық секторында белсенді геологиялық барлау жүргізу, нарықтың осы бөлігінде қазақстандық компаниялардың позициясын нығайту және шельфтің мұнай-газ ресурстарын игеру кезінде ең тиімді және ұтымды нәтижеге қол жеткізу жөніндегі стратегиясына толық сәйкес келеді.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою