Мұнай алыптары Батыс Қазақстанда мұнайдың апаттық төгілімдерін жою бойынша шаралардың тиімділігін арттыруда күш біріктіруде

21 қараша 2011
signing_211111_2signing_211111_3

Астана, 21 қараша 2011ж.: «Норт Каспиан Оперейтинг компании Б.В.» (НКОК), «КонокоФиллипс Н Блок Б.В.», «ҚазМұнайТеңіз» АҚ (ҚМТ), «Теңізшевройл» (ТШО) бүгін Батыс Қазақстанда екінші деңгейлі  мұнайдың апаттық төгілімдерін жоюды ұйымдастыруға қатысты кәсіпшілік ұсынған қызмет ету шарттарына қол қойды.

Салтанатты шараны ашу барысында НКОК компаниясының Төрағасы және Басқарушы директоры П. Оффан: «Бүгін біз аса маңызды құжатқа қол қойып жатырмыз. Бұл құжат бізге Қазақстанда екінші деңгейлі мұнайдың апаттық төгілімдерін жою ісінде ынтымақтастығымыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы жұмысқа жұмылған барлық компанияға алғысымды білдіргім келеді, атап айтқанда, осы құжатқа қол қою жұмысын әзірлеген «KAZENERGY» қауымдастығына. Бүгінгі іс-шара біздің Каспий теңізін қорғау үшін қажетті қадамдарды жасауға батыл ниетімізді тағы бір мәрте растап отыр. Бұл мақсатта Консорциумның қолданыстағы мұнайдың апаттық төгілімдерін жою бойынша сенімді құрылымы әрі қарай жетілдірілетін болады. Бұл ретте Батыс Қазақстандағы өзге де мұнай компанияларымен ынтымақтастық орнатылады» деп атап өтті.

Өз кезегінде «KAZENERGY» Қауымдастығының Атқарушы директоры А. Матишев: «Апаттық жағдайларды жою бойынша жоба тобы KAZENERGY Қауымдастығының теңіздегі мұнай операцияларын жетілдіру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шеңберінде құрылып отыр. Бұл Қауымдастық мүшелерінің Үйлестіру кеңестері аясында өзара қарым-қатынастың жаңа формаларын игеріп жатқандығын білдіреді. НКОК, ҚМТ, ТШО және КонокоФиллипс Н Блок Б.В.» сынды ірі жер қойнауын пайдаланушылар Каспийдегі ықтимал мұнай төгілімдерін болдырмау және жою мақсатында әрекет етіп жатқаны қуантатынын» жеткізді.

Іс-шара барысында сөз алған ҚМТ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) К. Ибрашев: «Каспий теңізіндегі кен орындарын игеріп жатқан жетекші мұнай-газ компаниялары өз күштерін біріктіре отырып мұнай төгілімдеріне қатысты апаттардың алдын алуға, мұндай ықтимал апатты төгілімдердің салдарын жоюға бағытталған тиімді шараларды қолға алатын ұйымды құруға бел байлап отырғанымен» бөлісті.

«Мұнайдың апаттық төгілімдерінің алдын алу және оны жоюдағы жабдықтарды дамыту — Батыс Қазақстанда жұмыстарды қауіпсіз әрі жауапты түрде жүргізу тұрғысында біз өзімізге қабылдаған міндеттемелерді іс жүзінде орындап жатқанымызды көрсету үшін қажет. ТШО мұнайдың апаттық төгілімдерін жоюда күш біріктіру жөніндегі әріптестерінің құштарлығына қуана қосылады» деді салтанатты шара үстінде М. Дженнингс, ТШО компаниясының қауіпсіздік техникасы, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас менеджері.

Салтанатты іс-шараға «КонокоФиллипс Н Блок Б.В.», ҚМТ, ТШО, НКОК және «KAZENERGY» Қауымдастығының өкілдері қатысты.

 

Баспасөз үшін мәлімет:

НКОК 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде Консорциум құрамындағы жеті серіктес компания атынан 11 блокта көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жұмыстарының операторы ретінде қызмет атқарады.

Консорциум мүшелерінің жобадағы қатысу үлестері: ҚМГ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) — 16,81%, «Эни» — 16,81%, «ЭксонМобил» — 16,81%, «Шелл» — 16,81%, «Тоталь» — 16,81%, «КонокоФиллипс» — 8,40% және «ИНПЕКС» — 7,56%.

«НКОК» компаниясы жоба шеңберіндегі өндірістік операциялардың орындалуын төрт агент-компанияға жүктеді: «Аджип ҚКО» компаниясы І кезеңді (Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, соның ішінде бұрғылау) жүзеге асыру үшін жауап береді; «Шелл Девелопмент Қашаған Би.Ви.» (ШДҚ) компаниясы мен «Аджип ҚКО» компаниясы Қашаған жобасының ІІ кезеңіндегі кен орнын жайғастыру нысандары үшін жауап береді. ШДҚ сонымен бірге негіздік жобалау (НЖ) жұмыстарын басқаратын болады, содан кейін жобаның теңіз нысандарын жобалау, салу және игеру жұмыстарын жүзеге асырады. «Аджип ҚКО» компаниясы жерүсті нысандарын жобалау, салу және игеру жұмыстары үшін жауап береді; «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясы ІІ кезеңдегі бағалау және бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жауап береді, ал «ҚМГ Қашаған Б.В.» мен «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниялары құрған бірлескен кәсіпорын – «НКПОК» компаниясы барлық кезеңдердегі өндірістік операцияларды басқаратын болады.

Байланысатын тұлғалар:
З. Айсенғалиева, тел.: +77172 355091
Г. Шалабекова, тел.: +77172355122

ҚМТ: Үлесінің 100% «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тиесілі бағынышты кәсіпорын. «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2003 жылдың 14 наурызында Президент Н.Назарбаев бекіткен Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде құрылды. Компания 7 теңіз жобасын іске асыруға қатысуда.

Байланысатын тұлғалар:
Жазира Қуатбекова, тел.: +77172 975789
Назым Сапарова, тел.: +77172975956

ТШО: қазақстандық кәсіпорын, мұнай, газ бен күкіртке геологиялық барлау жүргізеді, игереді, өндіреді және өткізеді. Өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік озат стандарттарына сәйкес жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында құрылған.

Қазіргі таңда ТШО серіктестері: «Шеврон» — 50%; «ҚазМұнайГаз» — 20%; «ЭксонМобил Қазақстан Инк.»  — 2%; «ЛукАрко Б.В.» — 5%. ТШО Қазақстанның батысында 1979 жылы ашылған, қазіргі таңда әлемдегі ең терең алып Теңіз мұнай кен орнын игеру жобасының Операторы болып табылады. «Теңізшевройл» 2010 жылы 25,9 млн. тонна шикі мұнай алып, рекордтық межеге қол жеткізді. Компания Қазақстандағы ең ірі мұнай мен газ өндірушісі әрі жеткізушісі. 2011 жылдың үшінші тоқсанындағы жағдай бойынша ТШО компаниясының қазақстандық компанияларға роялти мен салық түріндегі төлемдері шамамен 55,8 млн. АҚШ долларын құрады. Өзінің 18 жыл бойындағы қызметі барысында компанияның әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған инвестициялары 645 млн. АҚШ долларына жетті.

Байланысатын тұлғалар:
Линси Крэйн, тел.: +7 712 302 6818
Марья Қаражігітова, тел.: +7712 302 6816

«KAZENERGY» қауымдастығы: «KAZENERGY» Қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасында құрылған және заңды тұлғалардың коммерциялық емес тәуелсіз ерікті бірлестігі болып табылады. Мақсаты – Қазақстан Республикасында отын-энергетика кешенінің қарқынды әрі тұрақты дамуы үшін қолайлы шарттардың орнауына көмек көрсету. Веб-сайт: www.kazenergy.com.

Байланысатын тұлғалар:
Жұлдыз Жұмаділова, тел.: +77172790199

«КОНОКОФИЛЛИПС Н БЛОК Б.В.»

Байланысатын тұлғалар: Джон МакЛемор, John.L.McLemore@conocophillips.com

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою