Маңғыстау облысы Ақшұқыр селосындағы 140 орындық балабақша құрылысының аяқталуы туралы

31 мамыр 2011

Баспасөз хабарламасы

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Маңғыстау облысы Ақшұқыр селосында жаңа 140 орындық балабақшаның салтанатты түрде ашылуы өтті.

Аталмыш әлеуметтік нысанды «Аташ», «Түпқараған», «Кұрманғазы» және «Жемчужины» жобалары бойынша серіктестердің бірлесе қаржыландыруының арқасында жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған теңіз жобаларының әлеуметтік міндеттемелерді орындауда қаржыларды топтастыруы Маңғыстау облысындағы маңызды және ауқымды объектілерді қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысының Әкімдігінің қаржыландыру туралы жасалған келісіміне сәйкес өкілетті мекеме арқылы мердігерді таңдау ұйымдастырылды және құрылыс барысы кезінде техникалық қадағалау жүзеге асырылды.

Техникалық жобаны жасақтау және құрылысты толығымен аяқтау шартын қоса алғанда нысанның жалпы құны 1,38 миллион АҚШ долларын құрады.

Техникалық жобаны әзірлеген «Мұнайгазпроект-Сервис» ЖШС, ал балабақшаның құрылысын жүргізген бас мердігер — «СМК-4» ЖШС-гі.

Ақшұқыр ауылындағы жаңа балабақшаның ашылуы ауыл тұрғындары үшін елеулі оқиға. Ауылда 2007 жылы салынған 100 орындық балабақшаның барлығына қарамастан 500 бала осындай балабақшаға баруға кезекте тұр.

Жаңа балабақшада балаларға арналған 7 топ болады. Олардың барлығы заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Онда музыкамен айналасуға, спортпен шұғылдануға залдар қарастырылған.

Ғимараттың айналасы толықтай тазартылған және де ауласы балалар ойнайтын алаңдармен жабдықталған.

«Аташ», «Түпқараған», «Кұрманғазы» және «Жемчужины» жобалары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан мұнай құрылымындарын игеруге және өнім өндіруге бағытталған. Барлық жобалар бойынша серіктес компаниялардың атынан және солардың тапсырмасына сәйкес қызмет атқаратын Операциялық компаниялар бекітілген.

Анықтама:

«Аташ» жобасы

Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-мы 2003 жылдың 29 желтоқсанда «Аташ» учаскесі шектерінде барлауды жүргізу туралы келісім-шартқа қолдарын қойды. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның жер қойнауын пайдалану құқықтары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «ЛУКОЙЛ Оверсиз Аташ  Б. В.» тең құқылы құрылтайшылары болып табылатын «Аташ компаниясы» ЖШС-не берілген болатын.

«Түпқараған»жобасы

Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ТМК АҚ 2003 жылдың 29 желтоқсанда Каспий теңізінде орналасқан «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге қолдарын қойды. 2004 жылы Өнімді бөлу туралы Келісімге қатысты «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ ның жер қойнауын пайдалану құқығы Өнімді бөлу туралы келісімінің тепетең үлесіне ие «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» берілді.

«ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» — Қазақстан республикасы Каспий теңізіндегі теңіз асты мұнай жобаларын жүзеге асыру үшін құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» мекемесінің 100% еншілес компаниясы.

«Түпқараған» жобасын жүзеге асыру үшін 2004 жылы «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» бірлескен операциялық компаниясы құрылды. «Түпқараған» учаскесі Каспий теңізіндегі қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасқан.

«Кұрманғазы» жобасы

2005 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минеральды ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы» акционерлік қоғамы және «РН-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі қоғам арасында Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы» құрылымы бойынша Өнімді бөлісу туралы Келісіміне  қол қойылды.

Өзара құқық пен міндеттерді анықтау мақсатында 2005 жылдың 06 маусымында Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ және «РН–Қазақстан» ЖШҚ–мы «Құрманғазы» құрылымын бірлесіп игеру туралы келісіміне қол қойысты.

«РН-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі қоғамы 2001 жылдың 19 сәуірінде құрылған және «Роснефть» мұнай компаниясы ААҚ–ның еншілес мекемесі.

2005 жылдың 01 қыркүйегеінде жобаның Операторы есебінде және «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы АҚ-ның 100% еншілес -мекемесі болып табылатын «Құрманғазы Петролеум» ЖШС-гі бекітілді.

«Жемчужины» жобасы

2005 жылғы 14 желтоқсанда, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ ,«Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» және «Оман Перлз Компани Лимитед» арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» шартты аумағында Өнімді бөлу туралы келісіміне қол қойылды.

Жобаның Операторы болып табылатын «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы Нидерланды аумағында 2007 жылғы 8 қаңтарда құрылған.

Бірлескен операциялық компаниясының жарғылық капиталындағы үлестер былайша бөлінген: Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед – 40%; Оман Перлз Компани Лимитед – 20%; ҚазМұнайТеңіз – 40%.

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы АҚ 2003 жылғы 14 наурызда құрылған және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100% еншілес мекемесі болып табылады.

Маңғыстау облысы,  Ақшұқыр селосы

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою