Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-5 тұрғын алабында 2011 жылғы әлеуметтік инфраструктураның нысаны — Дәрігерлік амбулатория құрылысының аяқталуы туралы

13 желтоқсан 2011

Ағымдағы жылы 13 желтоқсан күні Мұнайлы ауданының Маңғыстау-5 тұрғын алабында дәрігерлік амбулаторияның салтанатты түрде ашылуы өтті.

Бұл әлеуметтік нысан «Түпқараған», «Құрманғазы» және «Жемчужины» жобалары бойынша қатысушылардың бірлесе қаржыландыруымен жүзеге асырылды. Аталған теңіз жобалары бойынша әлеуметтік міндеттемелердің қаражатын біріктіру Маңғыстау облысында маңызды және ауқымды объектілерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Жасалған қаржыландыру туралы келісімге сәйкес Маңғыстау облысы Әкімдігінің уәкілетті ұйымы арқылы мердігерлерді таңдауды  және құрылыс барысына  техникалық қадағалауды жүргізді.

Техникалық жобаны әзірлеуді және құрылысты толығымен аяқтауды  қоса алғанда, объектінің жалпы құны 960,0 мың АҚШ долларын құрады.

Техникалық жобаны «Ақтау Сәулет-Құрылыс» ЖШС-гі жасақтады, дәрігерлік амбулатория құрылысын бас мердігер «Али-Хан Құрылыс Ақтау» ЖШС-гі жүзеге асырды.

Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы Маңғыстау-5 тұрғын алабының тұрғындары үшін елеулі уақиға болып табылады.

Бұл нысан дамып келе жатқан аудан үшін әлеуметтік маңызды және елді мекен тұрғындарына жалпы профильдегі дәрігерлер, медбикелер, профильдік мамандармен, білікті медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі жетімсіздік проблемасын  шешуге бағытталған.

Дәрігерлік амбулатория қызмет көрсету мүмкіндігі  бір ауысымда 50 адам,  оның ғимаратының жалпы алаңы 549,69 м2 құрайды.

Амбулаторияда дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек қабылдау бөлмелері, педиатр, акушер-гинеколог, физиотерапия бөлмелері, 10 орындық күндізгі стационарға арналған төрт палата және өзге де қызметтік бөлмелер бар.

«Түпқараған», «Құрманғазы» және «Жемчужины» жобалары Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан мұнай құрылымдарын игеруге және өңдеуге бағытталған мұнай операцияларын жүргізеді. Барлық жобалар бойынша жобаға қатысушы-компаниялардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша қызметін жүзеге асыратын тиісті Операциялық компаниялар тағайындалған.

 

Анықтама:

«Түпқараған» жобасы:

2003 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында Каспий теңізінде орналасқан «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнім бөлу туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Өнім бөлу туралы келісім бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтары Өнім бөлу туралы келісімнің тең құқылы тараптары болып табылатын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» компаниясына берілді.
Каспий теңізінің шельфінде мұнай жобаларын іске асыру үшін құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» 100% еншілес компаниясы болып табылады.
2004 жылы «Түпқараған» жобасын іске асыру үшін «Түпқараган Оперейтинг Компани Б.В.» бірлескен операциялық компаниясы құрылды. «Түпқараған» учаскесі Каспий теңізі қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасқан.

«Құрманғазы» жобасы:

2005 жылғы 06 шілдеде Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «РН-Қазақстан» ЖШҚ арасында Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы» құрылымы бойынша Өнім бөлу туралы келісімге қол қойылды.
2005 жылғы 06 шілдеде «Құрманғазы» жобасы бойынша өзара құқықтар мен міндеттерді айқындау мақсатында «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «РН-Қазақстан» ЖШҚ Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы» құрылымын игеру жөнінде Бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол қойды.
"РН-Казахстан" 2001 жылғы 19 сәуірде құрылды және "Роснефть" Мұнай компаниясы» ААҚ еншілес кәсіпорны болып табылады.
2005 жылғы 01 қыркүйекте құрылған және «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ 100 % еншілес серіктестігі болып табылатын "Құрманғазы Петролеум" ЖШС жоба операторы ретінде тағайындалды.

 «Жемчужины» жобасы:

2005 жылғы 14 желтоқсанда, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ ,«Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» және «Оман Перлз Компани Лимитед» арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» шартты аумағында Өнімді бөлу туралы келісіміне қол қойылды.
Жобаның Операторы болып табылатын «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы Нидерланды аумағында 2007 жылғы 8 қаңтарда құрылған.
Бірлескен операциялық компаниясының жарғылық капиталындағы үлестер мынадай түрде бөлінді: «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ – 40%,«Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» компаниясы – 40% және «Оман Перлз Компани Лимитед» компаниясы – 20%.

 «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 2003 жылғы 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес компаниясы болып табылады.

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 тұрғын алабы.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою