«Каспий Меруерті Оперейтинг компани» компаниясының жаңа бас директоры тағайындалды

16 тамыз 2011

Астана қаласы

«Жемчужиналар» жобасының акционерлері шешімімен Аслан Шапабаев «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани»  компаниясының бас директоры болып  тағайындалды.  Бұл тағайындалым операцияларды жүргізу бойынша біріккен компания болып табылатын «Шелл Казахстан Девелопмент» компаниясының акционері ұсынысымен жүзеге асырылды. Серіктестер «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ өкілінің басшы лауазымға тағайындалуын, ұсынылған тұлғаның қатысушыларға жіті таныс екендігін айта отырып, бірауыздан қолдады. А. Шалабаев бұл лауазымға тағайындалудан бұрын 2008 жылдың сәуір айынан бастап бас директордың орынбасары қызметін атқарды. А.Шапабаевтың бас директор ретінде қызмет атқаруы 2011 жылдың 16 тамызынан басталады.

Акционерлер компания қалыптасуына басты ықпал еткен бұрынғы бас директор Маркус Антониниге өз ілтипатын білдірді. М. Антонини «Жемчужиналар» жобасымен «Шелл» концерніндегі маңызды бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты ауыстырылатындықтан қоштасуда.

«Шелл  қазақстандық қызметкерлер үлесін өте жоғары бағалайды» деп өз сөзінде «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниясының Басқарушы директоры Кэмпбелл Кир мырза атап өтті. «Біз бұл лауазымға Аслан Шалабаевты  таңдауымызға оның көшбасшы қасиеттері, техникалық тұрғыдан жетілген машықтары мен жергілікті талаптарды білуі ықпал етті. Шалабаев мырзаның жобаның келесі кезеңін тиімді басқаратындығына кәміл сенеміз. Бизнес  шарықтауы қызметкерлермен тығыз байланысты екендігі жалпыға мәлім, бұл тағайындалу «Жемчужиналар» жобасына қатысушы «Шелл» компаниясымен  біздің бизнестің Қазақстанда дамуына айтарлықтай үлес қосатын, көшбасшылық және кәсіби қасиеттері жоғары дамыған тұлғаларды басшылық лауазымдарға белсенді түрде ұсынуы қазақстандық қызметкерлерді қолдауының дәлелі» деп атап өтті Кэмпбелл Кир мырза.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бас директоры Кенжебек Ибрашев өз кезегінде: «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани» жобасының бас директоры лауазымына «ҚазМұнайТеңіз» өкілінің тағайындалуы, бұдан әрі оң жетістіктерге қол жеткізуге, сонымен қатар біздің басқа да шет елдік серіктестер қатысушы жобаларымыз үшін үлгі болып табылады» деп атап өтті.

 

Анықтама үшін:

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы 2005 жылдың 14 желтоқсанында мұнай операцияларын орындау үшін Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Жемчужиналар» келісім- шарт жер телімі бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, «Шелл Разведка Добыча Оффшор Венчурс Лимитед» (55%), «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ (25%), «Оман Перлз Компани Лимитед» (20%) арасында жасасылған Өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар консорциумы ретінде құрылған.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» (КМОК) компаниясы 2007 жылдың 8 — қаңтарында Нидерланды Корольдігі территориясында құрылды.Қазақстан Республикасындағы «КМОК» филиалы Ақтау қаласында (Маңғыстау облысы) 2007 жылдың сәуір айында тіркелді. «КМОК» қатысушылары және олардың үлестері төменде көрсетілгендей: «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 40%, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» — 40% и «Оман Перлз Компани Лимитед» — 20%.

"ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы 2003 жылдың 13-наурызында құрылып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ–ның 100% еншілес компаниясы болып табылады.

«Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» Шелл компаниялар Тобы құрамына кіреді.

«Оман Перлз Компани Лимитед» компаниясы Ұлыбритания мен Уэльс заңдарына сай 2005 жылдың 2-қарашасында құрылып, Оман Cұлтанатында орналасқан «Оман Ойл Компани» компаниясына 100% еншілес тиесілі, жауапкершілігі шектелген жеке компания болып табылады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою