«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «Қазақ Мұнай және Газ Институты» АҚ өзаратүсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2 маусым 2010

Алматы қ.

Меморандумға қол қою бүгін «KAZENERGY» Ассоциациясы Кеңесінің 10-шы отырысы шеңберінде жүзеге асырылды. Құжатқа «Қазақ Мұнай және Газ Институты» АҚ Бас директоры Ұ.С.Қарабалин және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ Бас директоры Е.Н.Марабаев қолдарын қойды.


Меморандумға сәйкес «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «Қазақ Мұнай және Газ Институты» АҚ геологиялық барлау жұмыстары, игеру, кенорындарын жайластыру және қызметтері мен мақсаттары түрлері есепке ала отырып, өзге де мұнай операциялары саласында ынтымақтастық үшін іскерлік қарым-қатынастарды орнатуды ұйымдастырады.


Меморандумға қол қойылу рәсімі салтанатында «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ басшылығы атап көрсеткендей, меморандумға қол қою, жаңа технологияларды тарту арқылы геологиялық барлау жұмыстары саласында ынтымақтастықты көздейтіндігі мұнай операцияларын ұтымды басқаруды қамтамасыз етуде маңызды қадам, себебі Қазақстан Республикасы территориясындағы  теңіз жобаларындағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мұнай және газға барлау жүргізетін компаниялардың бірі болып болып табылады.

 

Анықтама:

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы АҚ 2003 жылғы 14 наурызда құрылған және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ - қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

«Қазақ Мұнай және Газ Институты» АҚ (ҚМГИ) Қазақстандық нарықтың мұнай және газ саласындағы жобалау, жобаларды басқару және инжинирингілік қызмет көрсетуде тәжірибелі, үздік қатардағы мекемелердің бірі бола келіп, Қазақстан Республикасында және шетелдерде мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау, өңдеу, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу, сату жұмыстарымен айналысатын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады.      


Баспасөз қызметі
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ
Қазақстан, 010000,
Астана қ. Тұран көш. 18.
тел.: +7 (7172) 97-59-56
факс: +7 (7172) 975959
www.kazmunayteniz.kz

 

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою