Шілденің 9-ында Астана шаһарында теңізде мұнай-газ операцияларын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

13 шілде 2010
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА
 
Астана қаласы 9 шілде 2010 жыл

Шілденің 9-ында Астана шаһарында теңізде мұнай-газ операцияларын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға NCOC компаниясының бас директоры П. Оффан төрағалық етті. Ал тең төраға қызметіне «ҚазМұнайТеңіз» АҚ бас директоры Е. Марабаев тағайындалды.

Маусымның 2-інде Алматыда «KAZENERGY» Қауымдастығының 10-шы Кеңесінде Қауымдастық Төрағасы Т.А.Құлыбаев теңізде мұнай-газ операцияларын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру қажеттігін баса айтып, тиісті тапсырма берген еді. Оның сыртында осы іске жауапты кеңестің құрылымын бекітіп, ұйымдастыру шараларын пысықтауды бұйырды. Ең алдымен, экологиялық қауіпсіздік мәселесіне және апатқа жол бермеу амалдарын сараптауға көп көңіл бөлінеді. Осы ретте, үйлестіру кеңесінің өкілдері «Солтүстік-Каспий жобасының негізінде Каспийде мұнай операцияларын жүргізудің экологиялық талаптарын қарастыру» деп аталатын тақырып төңірегінде ой бөлісуді жөн деп шешті. Сонымен бірге, үйлестіру кеңесінің бірқатар ұйымдастыру шараларын пысықтады.

Өз сөзінде Пьер Оффан: «Үйлестіру Кеңесінің экологиялық қауіпсіздік ісіне баса назар аударып, теңіздегі жобаларды жүзеге асыру кезінде мейлінше сақтық шараларын ойластырғаны абзал»,- деді. Жаңадан құрылған кеңес теңіз жобаларын әзірлеп, бас-аяқ тиісті жұмыстар атқаратын компаниялар үшін маңызды пікір-талас алаңы әрі тың шешім берілетін ортаға айналуы тиіс.

Үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Ермек Марабаев құрылымдық жүйені жүзеге асырар кезде «PESTEL» принципіне жүгінсек деген ұсыныс білдірді. Яғни, саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, экологиялық және құқықтық негізді басшылыққа алу қажеттігін айтты. Оның айтуынша, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде мұнай-газ индустриясының тұрақты моделін құру үшін осы іске жұмылдырылған барлық компаниялардың басын біріктіру керек.

Отырыста «KAZENERGY» Қауымдастығының атқарушы директоры Н. Утенов 5-ші Еуразиялық Форумға дайындық шараларының басталғандығын хабарлады. Осы шараның аясында мұнай-газ саласына қатысты бірқатар тақырыптарды пысықтап, арнайы дөңгелек үстелдер ұйымдастыру керектігін жеткізді. Қазір мәртебелі Форумға дайындық қызу жүріп жатыр. Естеріңізде болар, бесінші мәрте ұйымдастырылатын «KAZENERGY» Еуразиялық Форумы Астанада қазанның 56 жұлдызында өткізіледі.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою