2010 жылы «Құрманғазы» келісімді аймағы Қалнияз құрылымда жоспарланған 2d сейсмикалық барлау жұмыстары туралы ПРЕСС–РЕЛИЗ

12 сәуір 2010

«Құрманғазы Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Ақтау қаласында «Құрманғазы» келісімді аймағындағы Қалнияз құрылымында  жүргізілетін  2D сейсмобарлау жұмыстарының  (бұдан әрі – Жұмыстар) қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы бойынша Коғамдық тыңдау өткізді.
 
Жұмыстардың негізгі мақсаты анықталған Қалнияз құрылымын іздеулік бұрғылауға дайындау үшін қосымша кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, құрылымның геологиялық нұсқасын нақтылау, сондай-ақ іздеу ұңғымасының орны туралы ұсыныс дайындау болып табылады. Егжей-тегжейлі Жұмыстардың көлемі 100 қума шықырым.

Жұмыстар  заманауи технологиялар мен жабдықтарды пайдалану, Қазақстан Республикасының экологиялық нормалары мен стандарттарын сақтау  арқылы «ешқандай тасталымсыз» принципі бойынша жүргізіледі. Қозғау көздері ретінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер етпейтін жұмыс мөлшері 790 текше дюмге дейін болатын ауа зеңбірегі пайдаланылады.

Қолда бар сейсмикалық материалдар келісімді аймақтың солтүстігіндегі Қалнияз құрылымы Жемчужина блогының мұнайгазды шоғырлары шоғырланған Нарын белдігінің батыстағы жалғасында орналасқан, ал ол учаскенің жоғары перспективалылығын анықтайды.

Осы жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 16 мамырдағы Жарл ығымен бекітілген «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру туралы Мемлекеттік бағдарламасының» стратегисына сәйкес келеді.

 

Анықтама:

«Құрманғазы» келісімді аймағы Каспий теңізі қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде, Баутино айлағының солтүстік-батысында 80 шақырымда орналасқан. Келісімді аймақтың  алаңы 3512 шаршы шақырым. Жұмыстар аймағындағы  теңіз тереңдігі 5-5 метр

«Құрманғазы» келісімді аймағындағы мұнай оперциялары 2005 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика және минеральды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы» акционерлік қоғамы мен «РН-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі қоғам арасында  қол қойылған Өнімді бөлісу туралы Келісімге сәйкес жүргізіледі.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою