Маңғыстау облысындағы әлеуметтік объектілердің құрылысын аяқталуы туралы

15 қазан 2009
Пресс-релиз
 

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданының Қызылөзен селосында газқұбырын және, Ақтау қаласындағы 30 шағынауданындағы 50 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға берілу салтанаты өтті.

Маңғыстау облысы Әкімдігінің құптауымен, «Аташ», «Түпқараған», «Құрмағазы», «Жемчужины» теңіз жобаларына қатысушыларының құрылысты бірлесе қаржыландыру туралы шешімімен, сондай-ақ тұрғын үй бойынша Бозашы Оперейтинг ЛТД компаниясының қатысуымен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мүмкін болды.
Барлау келісім-шарттарында және ӨБК-де қарастырылған әлеуметтік міндеттемелер бойынша қаражаттарды біріктіру арқылы қызмет жасап жатқан өңірлерде әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру Ізгі дәстүрге айналды.

Бітім жасалған қаржыландыру жөніндегі келісімге сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі өкілетті ұйымдары арқылы мердігерлерді таңдау ұйымдастырды және нысандардағы құрылыс барысын техникалық қадағалауды жүзеге асырды.

Техникалық жобаларды қосқанда газқұбыры құрылысының жалпы құны 173 901 400 теңгені құрады. Бас мердігер  «Caspian Dive Services» ЖШС.
«Кілтін беру» күйіндегі жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы құны 160 000 000 теңгені құрады. Бас мердігер  «Қараойқұрылыс» ЖШС
Жобалардың Каспий теңізінің Қазақстандық секторында орналасқан мұнай құрылымын игеруге және дайындауға бағытталғандығы  жобалардың барлығын біріктіреді.
Барлық жобалар бойынша жобаларға қатысушылардың атынан және тапсырмалары бойынша қызметті жүзеге асыратын Операторлық компаниялары тағайындалған

 

«Аташ» жобасы

2003 жылғы 29 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК, АҚ және Қазақстан республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арасында «Аташ» учаскесі аумағында барлау жүргізу келісім-шартына қол қойылды.
Жарғылық капиталда «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ 50% қатысу үлесімен «Лукойл Оверсиз Аташ Б.В." (50%) бірлесе жобаның қатысушысы болып табылады

 

«Түпқараған жобасы»

2003 жылғы 29 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК, АҚ және Қазақстан республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арасында «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу жөніндегі келісімге қол қойылды. ӨБК-ге «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ 50% қатысу үлесімен «Лукойл Оверсиз Аташ Б.В." (50%) бірлесе жобаның қатысушысы болып табылады

 

Құрманғазы жобасы:

Құрманғазы құрылымы бойынша Өнімді бөлу жөніндегі келісім Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ бір жағынан және «РН-Казахстан» ЖШҚ екінші жағынан 2005 жылғы 06 шілдеде қол қойылды.
Қатысу үлесі 50% «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ «РН-Казахстан» ЖШҚ бірлесе (50%) жобаның қатысушысы болып табылады.

 

«Жемчужины жобасы»:

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» келісім-шартты аумағында өнімді бөлу жөніндегі келісімге (ӨБК) Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі бір жағына, және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» және «Оман Перлз Компани Лимитед» екінші жағынан 2005 жылдың 14 желтоқсанында қол қойды.
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ (25%), «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед», (55%), және «Оман Перлз Компани Лимитед» (20%) жобаның қатысушысылары болып табылады.

Маңғыстау облысы

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою