«Құрманғазы» келісім-шартты аумағында екінші барлау ұңғыма құрылысы жұмыстарының аяқталғаны туралы пресс-релиз

15 мамыр 2009

«Құрманғазы» жобасы бойынша оператор болып табылатын «Құрманғазы Петролеум» ЖШС «Құрманғазы» келісім-шартты аумағында екінші барлау ұңғымасының құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды.
Жобалық тереңдігі 1600 метр және жобалық беткейі — палеозой болып табылатын № 2 ұңғыма құрылысы жұмыстары 2009 жылғы 27 наурызда басталды. Ұңғыманың нақты тереңдігі — 1600 метр, нақты беткейі — палеозой.
Ұңғымамен палеоген, бор, юра жүйелері және палеозойдың жоғарғы қабаты ашылып зерттелді. Ашылған қима толық геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулермен қамтылды, тік сейсмокескіндеу жүргізілді (ТСК). Зерттеулердің нәтижелері құрылымның геологиялық үлгісін дәлдеуге және болашақ барлау жұмыстары бағдарламасына өзгерістер енгізуге мүмкіншілік берді. Алынған нәтижелер түзілімдердің геологиялық қимасының Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы бұрын ашылған мұнай кенорындарының қималарына ұқсастығын көрсетеді.

Барлық жұмыстар біткенннен кейін № 2 барлау ұңғымасы өзінің геологиялық міндетін орындағаны себепті жойылды.
Бұрғылау кезінде алынған мәліметтер келешекте «Құрманғазы» келісім-шартты аумағының геологиялық үлгісін дәлдеуге бағытталған ізденіс жұмыстарын жүргізу негізіне пайдаланылады.
Келесі іздеу-барлау жұмыстарының түрлері, мөлшері және жүргізу мерзімі туралы шешім барлық алынған геологиялық-геофизикалық мәліметтерді талдаудан кейін қарастырылады.

Анықтама:
«Құрманғазы» келісім-шартты аумағы Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде, Баутин портынан солтүстік-батысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Келісім-шарттыі аумақтың алаңы 3512 шаршы шақырым. Жұмыс аймағындағы теңіз тереңдігі 5 — 5,5 метр.
«Құрманғазы» келісім-шартты аумағын игеру жобасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес іске асырылады.
«Құрманғазы» келісім-шартты аумағындағы мұнай операциялары 2005 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика және минеральды ресурстар министрлігі бір жағынан, екінші жақтан «ҚазМұнайТеңіз» ТеңізМұнайКомпаниясы» акционерлік қоғамы мен «РН-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі қоғам арасында қол қойылған Өнімді бөлісу туралы Келісімге сәйкес жүргізіледі.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою