«Кұрманғазы» келісім-шартты аумағында екінші барлау ұңғысының құрылысы бойынша жұмыстың басталуы туралы пресс-релиз

26 наурыз 2009
«Құрманғазы» жобасы бойынша оператор болып табылатын «Құрманғазы Петролеум» ЖШС 2009 жылғы наурыздың 26-сында «Құрманғазы» келісім-шартты аумағында екінші барлау ұңғысының құрылысы бойынша жұмысты бастайды.
«Құрманғазы» келісім-шартты аумағы Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде, Баутин портынан солтүстік-батысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Келісім-шарттыі аумақтың алаңы 3512 шаршы шақырым. Жұмыс аймағындағы теңіз тереңдігі 5 — 5,5 метр.
Екінші барлау ұңғысы құрылысының мақсаты Келісім-шартты аумақтың геологиялық құрылымын анықтау және бор, юра түзілімдерінен мұнай және газ шоғырланымдарын іздеу болып табылады.
Бұрғылау мердігері — өзін-өзі көтеретін бұрғылау қондырғысы «Астра» пайдаланатын «БКЕ Шельф». ЖШҚ, Бұрғылау «НЕДРА» консалтинг орталығы«ЖШС жасаған «Құрманғазы келісім-шартты аумағындағы № 2 барлау ұңғысы құрылысының техникалық жобасына» және Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының келісімімен Қазақстан Республикасының Энергетика және минеральды ресурстар министрлігі бекіткен ҚОЭБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Құрманғазы Петролеум» ЖШС 2008 жылы 26 қарашада Ақтау қаласында Құрманғазы келісім-шартты аумағында жүргізілетін № 2 барлау ұңғы құрылысының қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы бойынша Коғамдық тыңдау өткізді.
Аталған шара мемлекеттік экологиялық сараптамадан бұрын міндетті түрде жүргізілетін рәсім болып табылады және жұртшылықтың ақпарат алуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау барысына жұртшылықтың қатысуы туралы ұлттық және халықаралық табиғат қорғау заңдарының талаптарына сәйкес келеді. Қоғамдық тыңдаулар қорытындылары бойынша № 2 ұңғы құрылысы кезіндегі ҚОЭБ жобасын мақұлдау туралы шешім қабылданды.

Бұрғылау қондырғысы міндетті түрде заманауи негізгі және қосалқы бұрғылау құралғыларымен, технологиялық процесстерді механикаландыратын, автоматтандыратын және бақылайтын құралдармен жабдықталады. Барлық өндірістік және тұтыну қалдықтары жағаға тасымалданады және арнайы полигонда қайта өңделеді. Құрманғазы құрылымы Каспий теңізінің қорықтық аймағында орналасқан, сондықтан экология мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Жұмыстар жүргізілген кезеңде қоршаған ортаның жағдайына экологиялық мониторинг жүзеге асырылады. Ұңғыны бұрғылау және сынау кезінде қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын заманауи техника, озық технология қолданылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарына сәйкес бұрғылау жұмыстары «нольдік тасталым» қағидасы бойынша жүргізіледі.
Бұрғылау бойынша барлық тәуекел, оның ішінде экологиялық тәуекел де сақтандырылды.
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу туралы жоспар жасақталды. Жоспарда теңіз айдынына мұнай төгілудің алдын алу, апаттық жағдайларды оқшаулау және жою үшін жабдықтар мен құралдар болуы қарастырылған. Жоспарланған № 2 ұңғы құрылысының қоршаған ортаға жалпы интегралды әсері төменгі деңгейдің шеңберінен шықпайтын болып бағаланады.
«Құрманғазы» келісім-шартты аумағын игеру жобасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес іске асырылады. «Құрманғазы» келісім-шартты аумағындағы мұнай операциялары 2005 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика және минеральды ресурстар министрлігі бір жағынан, екінші жақтан «ҚазМұнайТеңіз» ТеңізМұнайКомпаниясы» акционерлік қоғамы мен «РН-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі қоғам арасында қол қойылған Өнімді бөлісу туралы Келісімге сәйкес жүргізіледі. Жұмыстардың циклінің ұзақтығы ұңғыны 1600 м тереңдікке бұрғылау және сынау бойынша 73 тәулікті құрайды.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою