«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Филиалы Жемчужина Учаскесіндегі Тұлпар-1 Барлау Ұңғымасы Құрылысының Қоршаған Ортаға Әсеріне Баға Беру Жобасы Жөнінде Қоғам

23 маусым 2009
23 маусым, 2009 жыл, Ақтау қаласы. «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В." филиалы Жемчужина учаскесіндегі Тұлпар-1 барлау ұңғымасы құрылысының Техникалық жобасы мен қоршаған ортаға әсеріне баға беру жобасы жөнінде 2009 жылдың 23 маусымында, Ақтау қаласында өткен қоғамдық тыңдау өткізді.

Хазар-1 және Әуезов-1 іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылау нәтижесінде көмірсітек табылуынан, Хазар-2 бағалау ұңғымасының табысты бұрғылауынан кейін, 2009 жылы «Жемчужина» келісім-шартты аймағындағы оператор болып табылатын бірлескен операциялық компания Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Тұлпар құрылымында барлау ұңғымасы құрылысын жоспарлауда.
Жемчужина учаскесіндегі, Тұлпар құрылымындағы бірінші барлау ұңғымасының құрылысы міндетті түрде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамаларына және теңіз экосистемасына ең аз мөлшерде әсер етуге кепілдік беретін КМОК тәуекелді басқару стандарттары шеіберінде қоршаған орта жағдайына тұрақты экологиялық бақылау және «нольдық қалдық" қағидасын ұстану арқылы «Жемчужина» учаскесіндегі Тұлпар-1 барлау ұңғымасының құрылысы жүзеге асырылады. Барлық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жағаға шығарылып, арнайы жабдықталған полигондарда пайдаға асырылады.

«Жемчужина» учаскесіндегі Тұлпар-1 — орта юра қабатынан мұнай және газ іздестіру мақсатында КМОК компаниясы бұрғылайтын үшінші барлау ұңғымасы болып табылады.

Ашық жағдайда өткен қоғамдық тыңдауға мемлекеттік орган өкілдері, қоғам өкілдері, мұнай және газ саласының ардагерлері және жергілікті мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Соңғы екі жыл аралығында қазақстандық жұмыскерлер үшін жаңадан 62 жұмыс орнын ашқан «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В." филиалы сонымен қатар, әлеуметтік инвестициялар және жергілікті мазмұнның үлесін көбейту жобасын ұсынды.

Редакторлар назарына:
Анықтамалық:
«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В." (КМОК) компаниясы Жемчужина жобасы өнімін бөлу туралы келісімнің бірлескен операторы болап табылады. 2005 жылдың 14 желтоқсанында, жер қойнауын пайдылынушылар консорциумы ретінде келісімге қол қойғандар — Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералды Ресурстар Министрлігі, «Шелл Барлау Өндіру Оффшор Венчурз» (55%), «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ (25%), «Оман Перлз Компани Лимитед» (20%).
«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В." (КМОК) компаниясы 2007 жылы, 8 қаңтарда Нидерланды Корольдігінде құрылды. «КМОК» филиалы 2007 жылы, сәуір айында, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласында (Маңғыстау облысы) тіркелді. «КМОК» құрылтайшылары: «ҚазМұнайТеңіз» ТМК, АҚ- 40%, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» — 40% және «Оман Перлз Компани Лимитед» — 20%.
«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы, АҚ 2003 жылы, 14 наурызда құрылып, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы, АҚ-ның 100% еншілес мекемесі болып табылады. «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» Шелл компаниялар тобының құрамына кіреді. Англия және Уэльс құқықтарына сәйкес және Оман Сұлтанатында орналасқан «Оман Ойл Компани» компаниясының 100% еншілес мекемесі болып, «Оман Перлз Компани Лимитед» 2005 жылы, 2 қарашада тіркелген, жауапкершілігі шектеулі жеке компания болып құрылған.
Жемчужина келісім-шартты территориясындағы өнімді бөлу туралы келісімге 2005 жылы, 14 желтоқсанда қол қойылды. Жемчужина жобасының өнімін бөлу туралы келісімге қол қойған жақтар — Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералдық Ресурстар Министрлігі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы, АҚ (25%), «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» (55%) және «Оман Перлз Компани Лимитед» (20%).

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою