Маңғыстау облысы Құрық кентіндегі 120 орындық жаңа балабақшасын салудың аяқталуы туралы

22 наурыз 2008

Ағымдағы жылдың 22 наурызда Маңғыстау облысы Құрық кентіндегі 120 орындық жаңа балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Осы әлеуметтік жобаның іске асырылуы құрылысты бірлесіп қаржыландыру туралы «Аташ», «Тұпқараған», «Құрманғазы» және «Жемчужины» жобалар қатысушыларының шешімінің нәтижесінде және Маңғыстау облысы Әкіматының қолдауымен мүмкін болды. Жоғарыда көрсетілген теңіз жобалары бойынша әлеуметтік міндеттемелердің қаржысын біріктірілуі бұдан былай Маңғыстау облысындағы маңызы зор әлеуметтік объектілерді қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Қаржыландыру туралы жасалған Келісім-шартқа сәйкес Маңғыстау облысының әкіматы уәкілетті ұйым арқылы мердігерлерді таңдауды ұйымдастырды және құрылыстың барысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған. 
Техникалық жобаны өңдеу мен құрылысты «кілтке тапсыру» шарттар бойынша объектінің жалпы болжамалы бағасы шамасымен АҚШ 1 380 000 долларын құрайды. Техникалық жобаны өңдеуі мен балабақшаның құрылысын бас мердігер — «НК Құрылыс» ЖШС-гі іске асырған. 

Олардың барлығы Каспий теңіздің Қазақстандық секторында орналасқан мұнай құрылымдарды игеру мен өңдеуге бағытталған фактісі төрт жобаны біріктіреді. Жобалар қатысушыларының атынан және олардың тапсырмалары бойынша қызметін атқаратын барлық жобалар бойынша өзінің операторлық компаниялар тағайындалды.

«Аташ» жобасы

Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ТМК АҚ 2003 жылдың 29 желтоқсанда «Аташ» учаскесі шектеріндегі барлауды өткізуге келісім-шартқа қолдарын қойды. Жарғылық капиталға 50% қатысу үлесімен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы «Лукойл Оверсиз Шельф  Б. В.» бірлесіп жоба қатысушылары болып табылады.

«Түпқараған» жобасы


Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ТМК АҚ 2003 жылдың 29 желтоқсанда «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге қолдарын қойды. ӨБК-ге 50% қатысу үлесімен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы «Лукойл Оверсиз Шельф  Б. В.» бірлесіп жоба қатысушылары болып табылады.

«Құрманғазы» жобасы


Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «РН-Қазақстан» ААҚ 2005 жылдың 06 шілдеде «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге қолдарын қойды.

ӨБК-ге 50% қатысу үлесімен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы «РМ-Қазақстан» ААҚ бірлесіп жоба қатысушылары болып табылады.

«Жемчужины» жобасы

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ, Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед компаниясы мен «Оман Перлз Компани Лимитед компаниясы 2005 жылдың 14 желтоқсанда Каспий теңіздің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» келісім-шарттық аумағындағы Өнімді бөлу туралы келісімге қолдарын қойды.
ӨБК-ге 25% қатысу үлесімен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед (55%) және Оман Перлз Компани Лимитед (20%) бірлесіп жоба қатысушылары болып табылады.

Маңғыстау облысы, Құрық кенті

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою