Каспий теңізінің қазақстан секторында орналасқан «Жемчужины» келісім-шарттық аумағындағы «Хазар»

24 тамыз 2007

2007 жылғы 24 тамызда Каспий теңізінің қазақстан секторында орналасқан «Жемчужины» келісім-шарттық аумағындағы «Хазар» құрылымында алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау басталды. Бұрғылау «Астра» өздігінен көтеретін жүзбелі бұрғылау қондырғысы арқылы жүргізіледі.


«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясы «Жемчужины» жобасы бойынша оператор болып табылады. Компания бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасының барлық талаптарын сақтайды және басшылыққа алады. Теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде ластаушы заттарды нөлдік тастаулар принципі сақталатын болады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу экологиялық мониторингпен ұштастыра жүргізіледі.


Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» келісім-шарттық аумағындағы Өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) 2005 жылғы 14 желтоқсанда қол қойылды. ӨБК тараптары Қазақстан Республикасын білдіретін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар: «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 25%, Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед — 55% және Оман Перлз Компани Лимитед — 20%.

Анықтама:

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясы 2007 жылғы 08 қаңтарда Нидерланд Корольдігінің заңнамасына сәйкес құрылған болатын. Осы жылдың сәуір айында Актау қ. (Маңғстау облысы) компанияның филиалы тіркелді. «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясының құрылтайшылары: Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед — 40%; Оман Перлз Компани Лимитед — 20%; «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 40%.
«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы акционерлік қоғамы 2003 жылғы 14 наурызда
құрылған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады.


Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед Шелл компаниясы тобының мүшесі.
Оман Перлз Компани Лимитед — жауапкершілігі шектеулі жеке компания.


2005 жылғы 2 қарашада Англия мен Уэльс құқығына сәйкес тіркелген және Оман Сұлтанатында орналасқан «Оман Ойл Компани» компаниясының 100% қатысуымен оның еншілес компаниясы болып табылады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою