ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП

22 наурыз 2006

Үстіміздегі жылғы сәуір айының 1-нен 6-на дейін Қызылорда қ. семнар өтеді және “Аралмаңы” жобасын іске асырудың жалғасы болып табылатын Шығыс Құланды учаскесінде жоспарланып отырған сейсмикалық барлау жұмыстарының (2Д)  қоршаған ортаға әсерін бағалауға қатысты қоғамдық пікірді тіркеу жөніндегі орталық ұйымдастырылатын болады. Оның өзектілігі біздің республикамыздағы көмірсутектері запастарының едәуір өсуі мен өндірілуінің негізгі перспективаларының Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөліктерінің игерілуімен байланыстылығымен шартасады.  “Аралмаңы” жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану қызметін “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-мы жүзеге асырады.

«2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымыздың алдыңғы қатарлы халықаралық актілермен, жаңа стандарттарға көшумен,  мемлекеттік  бақылау  жүйесінің  жетілдірілуімен  үйлесімділігіне  бағытталған  Экологиялық кодекс қабылдануы тиіс».
Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан.

2005 жылы Батыс Құланды учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары басталған болатын. Оны келісім-шарттық аумақтағы көмірсутектеріне барлау жүргізуге арналған келісім-шарт бойынша оператор тарту туралы келісіміге сәйкес оператор ретінде белгіленген “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы “ҚазМұнайТеңіз” ТМК АҚ-мы жүргізеді.

Осы келісім әрекетінің басты принциптерінің бірі экологя саласындағы дүниежүзілік стандарттарды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамаларын сөзссіз сақтау болып табылады.  Осымен байланысты Қызылордада барлаулық бұрғылау жоспарларымен  жұртшылықтың танысуына мүмкіндік берген қоғамдық тыңдау өтті.  Батыс Құланды учаскесінде қоршаған ортаның фондық  жай-күйіне зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде әуе бассейінінің, теңіз суының, түптік тұнбалардың, топырақ жабындыларының жай-күйінің сандық сипаттамалары алынды. Өсімдік жабындары мен жануарлар әлемінің көріністік және сандық құрамына бағалау жүргізілді. Алынған ақпарлар Арал теңізінің экологиялық жүйесінің барлық маңызды құрамдарына түсініктерімізді елеулі түрде кеңейтуге, оның қалыпты жай-күйінің “геохимиялық процестер тетігінің” маусымдық ауытқу сипатын анықтауға мүмкіндік берді.  

Сейсмикалық барлау жұмыстары (2Д) экологиялық мониторингпен сүйемелденді, сондай-ақ барлау ұңғымасын салуға дайындық бойынша бірқатар шаралар іске асырылды. Қазіргі уақытта осы учаскеде жобалық тереңдігі  1800 метрлік № 1 барлау ұңғымасын салу жалғастырылуда. Табиғатты қорғау заңдарының талаптарына сәйкес ол да  экологиялық мониторингпен сүйемелденуде.

Аралмаңы мұнай-газды учаскелерді игерудің келесі кезеңі, екінші бір перспективті телім – Шығыс Құланды учаскесінде іздеу-барлау жұмыстарының жалғастырылуы болып табылады. 2006 жылы «Мемлекеттік теологиялық зерделеу» республикалық бюджетттік бағдарламаға сәйкес бұл жерде сейсмикалық барлау жұмыстарын (2Д) жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде құрылымның геологиялық құрылысын анықтауға, тегіс және дөңес жерлердегі түзілімдерде перспективті объектілерді іздеуді жалғастыруға;  тиррасты түзілімдердің жоғарғы бөлігінде мұнай-газ жиналып қалған аймақтарды анықтауға; барлау ұңғымасын орнату нүктесін белгілеуге мүмкіндік болады.

Сейсмикалық барлау жұмыстарының техникалық жобалары мен осы жұмыстардың қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жұмыстары жүргізілді. Заңнамалық нормалар мен шарттық ережелерді мүлтіксіз сақтай отырып «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы Қызылорда облысы аумағының жұртшылығын алда болатын  сейсмикалық жұмыстар туралы ақпараттандырып отыратын болады.  

Олардың учаскеде жүргізілуі көктемгі-жазғы кезеңде 107 күн ішінде деп жоспарланған. Белгіленген өндірістік жұмыстардың қоршаған ортаға әсерін кешенді бағалау әлден-ақ, бұл әсерлердің жұмыстарды жүргізу мерзімі бойынша уақытша  — алаңы бойынша нүктелі, ал әсерінің қарқындылығы бойынша болмашыдан орташаға дейін екенін көрсетіп отыр.  

Тұтастай алғанда сейсмикалық барлау жұмыстарының биосфера элементтеріне әсер ету дәрежесі Қызылорда облысының экологиялық жүйесінің бейімделу мүмкіндігінің шекті аралығында болады. Өндірістік объектілердің халық қоныстанған жерлерден алыста болғандағынан, жобаны іске асыру адамдардың өмір сүру жағдайы мен денсаулығына әсер етпейді.

Жүргізілген әсерді бағалауға сәйкес, сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, қоршаған ортаға негізгі әсер етуші көздер  мыналар болып табылады: тұрақты және қозғалмалы көздерден атмосфераға шығарындылар (автокөліктердің, генераторлардың қозғалтқыштарындағы жанған отын өнімдерінің шығарындылары, ЖЖМ қоймаларындағы мұнай өнімдерін айдау, сақтау және босату кезінде шығатын көмірсутектерінің  түрлі құрамдары);  әсердің табиғи факторлары (объектілердегі өндірістік жабдықтардың, қозғалтқыштардың, құрылғылар мен механизмдердің шуылы); су бұрулары (өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар); қалдықтар (сұйық, қатты).  

Сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізудің барлық кезеңінде  бүкіл тұрақты және қозғалмалы көздерден  99,3 тонна ластаушы заттар бөлініп (оның негізгі массасы көмірсутегі оксидінің үлесіне тиеді), 1767,6 м3  шаруашылық-тұрмыстық және техникалық ағын сулар, сондай-ақ 28 тонна сұйық және қатты өндірістік және тұрмыстық қалдықтар пайда болады.

Сейсмикалық барлау жұмыстарын сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен пайдаға жаратудың алдыңғы қатарлы әдістерін пайдаланып жүргізу жоспарланып отыр. Мұндай жұмыстар осы өңірде қалыптасқан санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауына ықпал етпейтін болады. Барлық қалдықтар, табиғатты қорғау заңдарының қолда бар жалпы қабылданған технологиялары мен талаптарына сәйкес, жиналып алынатын, пайдаға жаратылатын, орналастырылатын көмілетін болады.

Бұдан басқа, белгіленіп отырған жұмыстардың қоршаған ортаның құрамдарына әсерін азайту үшін ҚОӘБ техникалық жобалары мен ҚОӘБ жобалары бірқатар ұйымдастырушылық, жобалау және техникалық жұмыстар жүргізу көзделген. Ұйымдастырушылық, жобалау іс-шаралары авариялық жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етеді және партия персоналының тұруына қолайлы жағдай жасайды. Объектілердің қоршаған ортаға және персоналдың денсаулығына әсерін  тікелей азайтуды көздейтін техникалық іс-шаралар негізінен жедел түрдегі мынадай табиғатты қорғау шараларына саяды: көздердегі шығарындылардың нормативтерін сақтау, ауыз судың және шығарынды сулардың сапасын бақылап отыру, бұзылған жерлерді шұрайландыру.

Мамандар жүргізген талдау жобаны іске асыру (техникалық шешімдерді сақтаған кезде) қоршаған ортаға жағымсыз әсері маңызды болмайтынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге көмірсутектерінің шоғырлары ашылған жайғдайда жобаны іске асыру, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосылған көрнекті үлесі болады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, өңірлік инфрақұрылымды дамытудың жаңа күшіне ие болады, жергілікті ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктері пайдаланылатын болады, әлеуметтік саланы қолдау кеңейе түседі, кадрларды тиісті түрде оқыту басталады, жергілікті бюджетке алым-салықтың түсімі артады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою