Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын (ӨКЖБҚ) салу жобасы

Жалпы мәліметтер

Бүгінгі таңда Каспий маңындағы елдер мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу және осы учаскелерді игеру үшін теңіз бұрғылау қондырғыларының жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан «Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын (ӨКЖБҚ) салу» жобасын іске асыру және одан әрі ӨКЖБҚ-ны Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай-газ ұңғымаларын салу қызметін көрсету мақсатында пайдалану  «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-тың маңызды жобаларының бірі болып табылады.

Жобаны іске асыру үшін 100% еншілес кәсіпорын — «ТеңізБұрғылау» ЖШС құрылды, ол бұрғылау қондырғысын салу және кейіннен пайдалану кезеңдері үшін жауап береді.

Қазіргі уақытта ӨКҚБҚ құрылысының техникалық құжаттамасын жобалау аяқталды. Бұрғылау қондырғысы 5-тен 86 метрге дейінгі су тереңдігінде тереңдігі 6 000 м дейін мұнай-газ ұңғымаларын салу бойынша қызмет көрсетуге қабілетті болады.

Жобаның артықшылықтары

ӨҚБҚ салу кезеңінде тікелей және қосалқы мердігерлік шарттары арқылы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында 800–1100 жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Аталған мамандардың қатарына кеме жасаушы инженерлер, әкімшілік қызметкерлер, дәнекерлеушілер, электриктер, жинақтаушылар және т.б. кіретін болады деп көзделіп отыр.

Нарықтың жаңа сегментін құру бөлігінде ӨҚБҚ пайдалануға енгізілгеннен  кейін Қазақстан Республикасында теңіз мұнай-газ ұңғымаларын салу қызметтерін алғашқы рет қазақстандық бұрғылау компаниясы көрсететінін атап өтуге болады. Аталған факт отандық теңіз бұрғылау қызметтері саласын құруға және осылайша Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын қолдау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі саясатына ықпал етеді. Қазақстан Республикасында ӨКЖБҚ салу және оны болашақта пайдалану теңіз жобаларында қазақстандық қамтуды едәуір ұлғайтып, Қазақстан Республикасының кадр әлеуетін арттырады, жағалаулық және теңіз инфрақұрылымының, қолдау базаларының, кеме жасаудың дамуына ықпал етеді, жер қойнауын пайдаланушылардың инвестицияларын қайтару бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.   

spbu