Түпқараған

Жалпы мәліметтер

Жоба 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1290 Каспий теңізінде орналасқан «Түпқараған» учаскесі бойынша  өнім бөлу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылды.

Жоба қатысушылары

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 50%,

«Лукойл Оверсиз Шельф Б. В.» компаниясы — 50%.

Әлеуметтік міндеттемелер

  • Жыл сайын 500 мың АҚШ доллары сомасына қазақстандық кадрларды оқыту.
  • Жыл сайын 500 мың АҚШ доллары сомасына әлеуметтік жобаларды қаржыландыру.

Жоба бойынша орындалған жұмыстар

  • Көлемі 615 қ. км егжей-тегжейлі 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары  (2004–2007 жж.);
  • Сейсмикалық барлау деректерін өңдеу және түсіндіру (2005–2009 жж.);
  • Ұңғымаларды барлау алдында инжерлік-геологиялық іздестірулер;
  • Тереңдігі 2500 м ТК-1 барлау ұңғымасын салу (2005 ж.);
  • ДНЭБӘ электрбарлау жұмыстары (2006–2007 жж.);
  • Арнайы ғарыштық түсіру түрлері, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және түсіндіру (2008 ж.);
  • Тереңдігі 2150 м ТК-2 барлау ұңғымасын салу (2011 ж.).
  • Келісімшарттық аумақта жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорыту (2012 ж).

Жоба барлау кезеңінің аяқталуына байланысты аяқталды.