Сaspian Explorer қалқымалы бұрғылау қондырғысын (ҚБҚ) салу жобасы

Жалпы мәліметтер

Қазақстанда, ең алдымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында анықталған көмірсутегі ресурстарының әлеуеті  жақын арада мұнай-газ операцияларын жүргізу ауқымын едәуір кеңейтуге, көмірсутектерді өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Каспийде осындай мұнай-газ операцияларының тиімді жүзеге асырылуы тиісті заманауи өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды озық қалыптастырумен және дамытумен қамтамасыз етілуге тиіс.

Caspian Explorer жүзбелі бұрғылау қондырғысын салу алғашқы рет Қазақстан Республикасының «Ерсай Констракшн» верфінде жүзеге асырылып жатыр, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен пайдаланылатын екінші бұрғылау қондырғысы болып табылады (Паркер Дриллингтің «Сұңқар» ҚБҚ-сынан кейін).

2008-2009 жылдары Кореялық консорциумға қызмет көрсету және Жамбыл жобасы үшін батырылмалы бұрғылау қондырғысының сипаттамалары мен қасиеттерін айқындау бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Осылайша 2010 жылдың басында Кореялық консорциум бұрғылау қондырғысын салу туралы шешім қабылдап, тиісті келісімшартқа қол қойды.

2011 жылғы 25 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Кореялық консорциум («КС Қазақ Б.В.» және «КС Қазақ Панама с.а.») арасында бұрғылау қондырғысын мобилизациялау және пайдалану туралы келісімге» қол қойылды.

Осы келісімге және жүзбелі бұрғылау қондырғысын салу кестесіне сәйкес 2012 жылғы маусымға құрылысты аяқтау мерзімі белгіленді, содан кейін Кореялық консорциумның қазақстандық еншілес компаниясы ЖБҚ-ны қазақстандық «Теңіз Бұрғылау» ЖШС компаниясының («ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ еншілес тәуелді ұйымы) сенімгерлік басқаруына беруге тиіс.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ басшылық етуімен Жамбыл-1 барлау ұңғымасын салуды бастауға дайындықты жеделдету бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді. 

«Теңіз Бұрғылау» ЖШС өндірістік персоналы КТҚС жағдайында жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ теңіз операцияларында халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті жергілікті және шетел мамандарынан тұрады. Штаты мен саны Қазақстан Республикасының нормалары мен талаптарына сәйкес келеді.

Ағымдағы қызмет

  • тетіктер мен жабдықты сынақтау жұмыстары аяқталып жатыр;
  • 2012 жылғы 14 маусымда бұрғылау қондырғысының атауын бекіту рәсімі күтіліп отыр;
  • тиісті актіге қол қою арқылы ҚБҚ-ны пайдалануға түпкіліктітапсыру.

Алдағы жоспарлар

  • барлық кеме және рұқсат құжаттарын алу;
  • «Теңіз Бұрғылау» ЖШС бұрғылау бригадасын жасақтауды аяқтау;
  • ЖБҚ пайдалануды және «Жамбыл» жобасы бойынша бірінші ұңғыма салуды бастау.

Жобаның басымдықтары

Қазақстан Республикасында жүзбелі бұрғылау қондырғысын пайдалануға енгізілгеннен кейін алғашқы рет қазақстандық бұрғылау компаниясы теңіз мұнай-газ ұңғымаларын салу қызметтерін көрсетеді.

Қазақстан Республикасында ЖБҚ салу және одан әрі оны пайдалану қосымша жұмыс орындарын құру арқылы теңіз жобаларындағы қазақстандық қамтуды едәуір арттырады, өйткені штаттық қызметкерлер құрамы 126 адамды құрайды, соның ішінде 112 адам жергілікті тұрғындар.