Әлеуметтік саясат

Компания Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік кодексін қабылдады (Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі шешімі).

Бизнестің іскери беделін арттыру, барлық мүдделі тараптармен — мемлекетпен, акционерлермен, тұтынушылармен, қызметкерлермен және Компания жұмыс істейтін өңірлерде жергілікті қоғамдастықтармен тиімді және теңгерімді қарым-қатынас орнату ҚТМ әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі мақсаттары  болып табылады.

ҚМТ қызметін бастағаннан бері компания іске асыратын жобалар шеңберінде шамамен 14 млн. АҚШ доллары сомасына Маңғыстау және Атырау облыстары әлеуметтік объектілерінің құрылысын қаржыландыру жүзеге асырылды.