Құрманғазы

Жалпы мәліметтер

Жоба 2005 жылғы 6 шілдедегі Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы» құрылымы бойынша өнім бөлу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылды.

Жобаға қатысушылар

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 50%.

«РН-Эксплорейшн» ЖШБ — 50%.

Әлеуметтік міндеттемелер

  • Жыл сайын 1 000 мың АҚШ доллары сомасына қазақстандық кадрларды оқыту.
  • Жыл сайын 300 мың АҚШ доллары сомасына әлеуметтік жобаларды қаржыландыру.

Жоба бойынша орындалған жұмыстар

  • Тереңдігі 2002 м Құрманғазы-1 барлау ұңғымасын салу (2006 ж.);
  • Жалпы көлемі 2752 қ. Км 2 Д сейсмикалық барлау жұмыстары (2006–2008 жж., 2010 ж.);
  • Электр барлау, деректерді өңдеу және түсіндіру (2007 ж., 2009 ж.);
  • 1:100000 масштабта жалпы көлемі 5700 қ. км дәлдігі жоғары гравиметриялық және магнитометриялық зерттеулер (2007 ж.);
  • Тереңдігі 1600 м Құрманғазы-2 барлау ұңғымасын салу (2009 ж.);
  • Геологиялық-геофизикалық деректерге жан-жақты талдау жүргізілді, палеозой және мезозой кешендері бойынша 13 құрылым анықталды. Аумақтың болжамды геологиялық ресурстарын бағалау жүзеге асырылды.
  • Жүргізілген 2Д геохимиялық және сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелерін талдау және өңдеу. Юра кезеңіне дейінгі кешеннің перспективтілігін бағалау бойынша тақырыптық жұмыстар.

Ағымдағы қызмет

Қазіргі уақытта «Құрманғазы» жобасы бойынша барлау кезеңін ұзарту жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қою шартымен Келісімшарттық аумақтағы алаңды кеңейтуді қосқанда, қосымша барлау кезеңі шеңберіндегі геологиялық барлау жұмыстарын жаңғыртуды келісу жүргізіліп жатыр.