Аташ

Жалпы мәліметтер

Жоба 2003 жылғы 29 желтоқсандағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Аташ» учаскесі шегінде барлау жүргізуге арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылды.

Жобаға қатысушылар

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 50%.

«Лукойл Оверсиз Шельф Б. В.» компаниясы — 50%.

Әлеуметтік міндеттемелер

  • Жыл сайын  40 000 АҚШ доллары сомасына қазақстандық кадрларды оқыту.
  • Жыл сайын 80 000 АҚШ доллары сомасына әлеуметтік жобаларды қаржыландыру.

Орындалған жұмыстар

  • Аташ, Қазақстан және Марал құрылымдарында көлемі 1509 қ.км.  егжей-тегжейлі 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары.
  • Бұрын жүргізілген сейсмикалық барлау жұмыстарының деректерін түсіндіру және қайта түсіндіру және геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау (2004—2005 жж.);
  • Көлемі 533 қ.км ДНЭБӘ электрбарлау жұмыстары (2006 ж.);
  • Аташ келісімшарттық учаскесінде «Геологиялық-геофизикалық ақпаратты талдау және қорыту (ҒЗЖ)» тақырыптық жұмысы;
  • Тереңдігі 2500 м Аташ-1 барлау ұңғымасын салу (2008 ж.);
  • 2Д  сейсмикалық барлау жұмыстарының деректерін қайта өңдеу;
  • Триас, юра, төменгі бор шөгінділерінің КСТ молекулярлық құрамын зерттеудің егжей-тегжейлі әдістерін пайдалану арқылы газ және сұйық қосындыларды талдау (Аташ-1 ұңғымасы), толқынды өрісті жалғастыру әдістемесі бойынша жылдамдық сипаттамаларын анықтау (Velink әдістемесі) (2009–2010 жж.);
  • Электрбарлау деректерін өңдеу (Geovisor әдістемесі);
  • AVA және инверсия жүргізу.

2010 жылы барлау кезеңі аяқталуына байланысты жоба жабылды. 2011 жылғы қыркүйекте «Аташ компаниясы» ЖШС таратылды.