«ҚазМұнайТеңіз»: Қазақстанның теңіздегі мүдделеріне көпір

17 қараша 2010

Қазақстан теңізде өз бетінше  мұнай операцияларын бастағалы көп уақыт өткен жоқ. Олардың қаншалықты табысты жүргізіліп жатқаны туралы Каспий теңізіндегі қазақстандық секторда теңіз жобаларын жүзеге асыратын «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының бас директоры Ермек Марабаев әңгімелеп береді.

— Сіздің компанияңыз теңіздегі мұнай операцияларымен айналысады. Сіздің пікіріңізше, Каспий шельфіндегі қазақстандық үлесте жаңа мұнай және газ кен орындары ашылады деп күтуге бола ма?

— Әрине. Каспий теңізіндегі қазақстандық секторының мұнай және газға бай болуы ешкімге күмән келтірмейді. Палеозой шөгінділерде Қашаған, Қайран және Ақтоты кен орындары ашылды. Мезозой қабаттарында Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындары, ал ресейлік құрылымдарға іргелес жерлерде  Хвалынское және Сарматское кен орындары ашылды. Каспий маңындағы мұнай-газ провинциясы, сол сияқты Скиф-Тұран платформасын көтеру және иін жүйесі мұнай мен газға байлығы жағынан бірегей екені сөзсіз, бірақ екеуінің де геологиялық құрылымы күрделі. Қабаттардың үлкен қалыңдығы бүкіл геологиялық бөлікте көмірсутектердің шоғырлануына қолайлы жағдай жасайды. Каспий шельфінің қазақстандық бөлігін игеру жұмыстары тек бастапқы кезеңде ғана, сонымен қатар, мұнай мен газ перспективаларын әлдеқайда сенімді түрде болжауға мүмкіндік беретін бай геологиялық-геофизикалық материал жинақталған. Аймақтың күрделі экологиялық жағдайы мен геологиялық құрылымына қарамастан, Каспий теңізінің қазақстандық секторы бүкіл барлау кезеңі барысында инвестициялық тартымдылығын жоғалта қойған жоқ.

— Компанияңыз Жемчужина блогында жұмыстар жүргізеді. Онда мұнай қашан шығады деп күтіледі?

— Жемчужина блогындағы алғашқы мұнайдың шығуы 2016 жылға жоспарланады. Оған төрт құрылым кіреді, ең оңтайлы нұсқа бойынша Хазар құрылымындағы алғашқы мұнай 2016 жылы шығады деп көрсетіледі.

"ҚазМұнайТеңіз" Жемчужина блогында бірден үш ұңғымадан, екі құрылымынан – Әуезов пен Хазардан алды. Бұл – компания жұмысының жақсы нәтижесі. Бүгінде мұнда екі іздеу, бір бағалау ұңғымасы бұрғыланды. Алдын-ала деректер бойынша Хазарды кен шығару тиімділігі жағынан орташа санатқа жатқызуға болады. Компания Әуезов, сол сияқты Хазар бойынша да бірнеше қабатан өнеркәсіптік мұнайдың ағымын ала алады.

Учаскеге одан басқа екі құрылым – Нарын мен Тұлпар кіреді, көп нәрсе оларды іздеу жұмыстарына тәуелді болады. Бұл құрылымдағы барлау бұрғылауды келесі бір-екі жылда өткізу жоспарланады.

Жемчужина учаскесі Солтүстік Каспийде Баутинодан 120 шақырым жерде орналасқан. Теңіз тереңдігі мұнда 10 метрден аспайды. Жемчужина учаскесіндегі мұнай мен газдың негізгі перспективалары юралық шөгінділерге байланысты.

— Баутино маңында басқа Құрманғазы контрактілік территориясын ресейлік Роснефть компаниясының еншілесімен бірге қазу жұмыстарын жүргізудесіз. Бұл жоба қалай жүруде?

— Осы жылдың жазында «Курмангазы Петролеум» ЖШС Құрманғазы контрактілік территориясының Қалнияз құрылымында 2D сейсмобарлау жұмыстарын аяқтады.

Жұмыстар «нөлдік күйге келтіру» принципін қадағалай отырып орындалады. Қоздыру көздері ретінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін ауа пушкалары қолданылды.

Сейсмикалық материалдарға жүргізілген талдау контрактілік территорияның солтүстік бөлігінде орналасқан Қалнияз құрылымы Жемчужина блогының мұнай және газ қабаттары тураланатын Нарын белесінде батыс жалғасында  орналасқан, бұл учаскенің жоғары перспективаларын көрсетеді.

Сонымен қатар, юра дәуіріне дейінгі шөгінділердің перспективаларына алдын ала бағалау жүргізіледі.

— «ҚазМұнайТеңіз» Каспий теңізінде жұмыс жүргізетін бірден-бір қазақстандық мұнай компаниясы болып табылады. Компанияңыз өз алдына қандай ұзақ мерзімдік міндеттер қояды?

— Біздің стратегиялық шетелдік серіктестеріміз және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ түптеп келгенде табыс табуға бағытталған. Бірақ, шетелдік компаниялардан өзгешелігі «ҚазМұнайТеңіз» мемлекет мүддесін қорғайды: қазақстандық мамандарды оқыту, жұмыс орындарын национализациялау бойынша бағдарламаны жүзеге асырады, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық құрамын қадағалайды, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде теңіз операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған  операторлық компаниялар қызметін координациялайды және басқарады. Ұзақ мерзімдік перспективада «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының басты міндеті Каспий теңізі шельфіндегі көмірсутек қорларын артыру арқылы мемлекеттік активтері құнының өсуімен қамтамасыз етеді.

— Шетелдік компаниялармен әріптестіктің қандай принциптерін ең маңызды деп санайсыз?

— Бүгінде біз как «Роснефть», ЛУКОЙЛ, «Шелл», «Оманойл», «Репсол» сияқты танымал трансконтиненталды компаниялармен табысты әріптестік қатынастардамыз. Әрбір серіктеспен ортақ қызмет туралы шарт жасалады. Бұл ретте «ҚазМұнайТеңіз» және оның серіктестері негізгі әріптестік принциптерін ұстанады: жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау туралы қазақстандық заңдарды қадағалау, Келісім-шарттар мен ӨБК талаптарын бақылау, барлық материалдық міндеттемелер мен  пайданы экономикалық мүдделерге сәйкес пропорционалды түрде бөлу, өз әрекеттерімен серіктес құқықтары мен міндеттемелерінің бұзылуына жол бермеу, өзара ашық әрі транспарентті болу, қандай да бір келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда оларды достық келіссөздермен реттеу.

— Бүгінде экологияның сақталуына үлкен мән беріледі. Сіздің компанияңыз бұл маңызды міндетті орындау үшін қандай қадамдар жасауда?

— Аймақтағы табиғи балансты сақтау – компания саясаты мен стратегиясының ең маңызды бөлігі. Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық құқықты қатаң қадағалайды. Менеджмент, табиғатты қорғау шараларының тиімді үйлесімі мен қазіргі технологияларды ендіру қоршаған ортаға барынша төмен әсер ету мүмкіндігін береді.

Мысалы, бүгінде «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының барлық жұмыстары нөлдік күйге келтіру принципі бойынша жүргізіледі. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар бұрғылау қондырғысындағы арнайы ыдыстарға жиналады және одан әрі арнайы полигондарда жойылу үшін жағаға тасымалданады.

Перспективалық учаскелерді барлау және ұңғымаларды салу бойынша апатсыз қызметіміз болашақта қоршаған ортаға ешқандай ықпал тигізбейді деп үміттенеміз. Бұл үшін барлау жұмыстарын жүргізу барысында ең заманауи және әлемдік стандарттарға технологиялар, механизмдер мен аспаптар қолданылады. Біз тұрақты түрде компаниямыз қатысатын барлық жобалар бойынша экологиялық мониторинг өткіземіз. Әзірге бұл бақылаулар жергілікті сипатқа ие, бірақ жақын арада Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде аймақтық экологиялық мониторинг жүйесін жобалау мен ендіруге қатысу жоспарлануда.

Келісім-шарттар шеңберінде «ҚазМұнайТеңіз» жобалауда:

Компанияның перспективалық жобалары

  • Н;
  • Жамбыл;
  • Сәтпаев.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою