Теңіз еңбекшілері

22 наурыз 2008

«ҚазМұнайТеңіз» мұнай компаниясы республиканың мұнай кеңістіктеріндегі өз қызметінің бесжылдығын атап өтті. Күн сайын әлемде мұнайдың 87 миллион баррелі жұмсалады. Және де жыл сайын оған сұраныс өсіп бара жатыр. Бұл орайда соңғы 20 жыл ішінде планетада «қара алтынның» жұмсалғаннан көрі табылғаны аз, дәл осы уақытта құры жердегі қорлар таусылып бара жатыр, сондықтан да адамзат жер қалыңдықтығы астындағы көмірсүтектерінің орасан зор қорлары жасырылынып жатқан теңіз тереңдіктеріне қарай бастады. Каспий да — ерекшелік емес.

«Мегаполис» анықтамасы

«ҚазМұнайТеңіз» компаниясы ел президенті тапсырмасының шеңберіндегі 2003 жылдың наурыз айында Каспий қайраңын мемлекеттік игеру бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100-пайызды «еншісі» болып табылады. Негізгі міндеті — теңіз жобалардың қойнауын пайдалану келісім-шарттардағы мердігер функцияларының орындалуы және мұнай мен газ қорларының ұлғайтылуы.


«ҚазМұнайТеңіз» бірінші мерейтойын елеулі нәтижелермен қарсы алып отыр: бес барлау ұңғымалары бұрғыланды, солардың біреуі «Жемчужины» кен орындағы мұнайдың бар екендігін көрсетті. әлдеқандай күмән болғаны рас, бірақ нәтижесі үмітімізден асып түсті. Осы жоба бас директорының орынбасары Нұрлыбек Иманбаевтың сөздері: «Біз алла тағалаға да, жұмыс істегендердің, Каспийдің осы бөлігінде мұнай бар екендігін дәлелдей алған адамдарға да алғысымызды айтамыз»…

ҚМТ-ның негіз салушылардың біреуі Асқар Балжанов (қазір ол «ҚазМұнайГаздың барлау — өндіруді» басқарады) жұмыстың басталуын осылай есіне алады.

— Сол кезде біз төрт адам ғана едік, барлықтарымыз үшін бір бөлме, бас директорымыз үшін стол табалмай жүр едік. Таптық, сүйретіп алдық. Отырдық… Шын айтқанда, менде күмән болғаны рас: Қазақстанда ешкім ешқашанда теңізге барлауға шығып көрмеген. Қауіп-қатерлі күту мен абыржу: жұмыстың осындай орасан зор көлемі — және де ешқандай тәжірибесіз! Бірақ түкте емес. Көріп тұрсыз ғой, орындап шықтық…

Бүгінгі таңда ҚМТ-да әлемдегі ірі мұнай компаниялары сарапшыларының назарын аударатын «Түпқараган», «Аташ», «Құрмангазы», «Жамбай» деген жарты дожна жобалары бар…

«ҚазМұнайГаз» басшысы Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайТеңіз» жұмысы алғашқы бес жылдарының табысты нәтижелерін белгілей отырып, компания үмітін ақтағанын, «нағыз кәсіпшілер командасы» құрылғанын атап өтті. Және де «іскерлік мүдделерін қоғамның, аймақтың мүдделерімен үйлесімді байланыстыруға, ең маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін» компанияның әлеуметтік миссиясын ерекше атап шықты.

Атап айтқанда, ҚМТ компаниясы Құрық аулындағы балабақшаның, Ақтаудағы халықаралық мектебінің, Қызылөзен аулындағы газқұбырының салуына, тағы басқа жобаларының бір қатарына айтарлықтай өз қаражатын қосты. Сондай-ақ, «ҚазМұнайТеңіз» әлемдегі жетекші университеттер мен компанияларында оқытудан өтетін ұлттық кадрлердің дайындалуына миллион долларды салып тұрады.

ҚМТ компаниясының бас директоры Ермек Марабаев айтқандай: «Біз — талабы зор компаниямыз» … Ағымдағы жылы біз тағы екі іздеу-барлау ұңғымаларын бұрғылауды бастаймыз, күн тәртібінде Қазақстанның юрисдикциясында тағы екі жобаларының, жаңа кәсіпорынның құрылуы мен жаңа бұрғылау қондырғыларының салынуы алдынымызда тұр… Жалпы алғанда, біз — «Қазақстанның теңіз қойнаулары — халықтың игілігіне!» деген өз ұранымызды ақтауға тырысамыз.

Мерейтойға қатысты мереке барысында мұнайшылар «ҚазМұнайТеңіздің» 5-жылдығына арналған шағын фильмін — компания қалыптасуының 18-минуттық тарихын, бәрі қалай басталғандығы және осы бес жыл ішінде не істелгендігі туралы суреттемесін көріп шықты. Жылдар өтер, алайда осы кадрлар ҚМТ-ның — теңізге шыққан Қазақстанның бірінші мұнай компаниясының өмірбаянында мәнгілік есте қалады.

№ 11 (376) Жандарбек АҚТОТАЕВ

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою