Мүддеге қатысты жұмыс

14 шілде 2008

Мүддеге қатысты жұмыс

Ең ірі мұнай-газ жобаларының бірі — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК«АҚ «Лукойл Оверсиз» компаниясымен бірлесе жүзеге асырып жатқан «Аташ» жобасы күткен нәтижені бермеді. Ұңғыма жобалық тереңдікке — 2500 метрге бұрғыланғанмен мұнай да, газ да табылған жоқ. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-ның бас директоры Ермек Марабаевпен сұхбаты — Каспийдегі геологиялық-барлау жұмыстарының сәтсіздіктері мен перспективалары туралы.


— Ермек Нәсіпқалиұлы, «Аташ» жобасы ең перспективалык мұнай-газ жобаларының бірі болып саналды. Осы учаскідегі өткізілген сейсмикалық барлауға көп қаржы жұмсалды. Енді міне осы жерде ұңғыманың бұрғыланылуы бекер болғаны анықталып жатыр.

— Жоқ, бекер болған жоқ. «Аташ» учаскесі көмірсутектер кен орнының тәуекелді іздестіру аймағында орналасқандығы жұмыстар басталғаннан-ақ белгілі болған. Оның құрылымы алаң бойынша да, қима бойынша да өте нашар геологиялық-геофизикалық зерттелуімен ерекшеленеді. Ескерте кетейін, келісім-шарттық аумақ 9,7 мың ш. км. құрайды. Салыстыру үшін айисақ төрт құрылымнан тұратын Солтүстік Каспий консорциумының келісім-шарттық аумағы 5,6 мың ш. км. құрайды.
Сондықтан да кезінде стратегиялық әріптеспен басқа жобалардағы сияқты Өнімді бөлу туралы келісімге емес, Барлау мерзіміне арналған келісім-шартқа қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес, зерттеулерді өткізуімен қатар, іздестіру ұңғымасының бұрғылануы көзделді. Бұл мұнай-газ шоғырланымдарының барлығын анықтау және геологиялық қиманың ерекшеліктерін зерттеу үшін қажет. Бұл жағдайда «Аташ-1» іздестіру ұңғымасының бұрғылануы геологиялық қиманы алға қарай егжей-тегжейлі талдау үшін мол нақтылы материалдар алуға мүмкіндік берді. Сондықтан мұнай мен газ шығымының анықталмауын бұрғылаудың сәтсіз нәтижесі деп есептеу дұрыс емес, өйткені іздестіру ұңғымасы өз мақсатын орындады.
Айтпақшы, геологиялық құрылымдары өте жақсы зертелген Солтүстік теңізде бұрғыланған сегіз ұңғымалардың тек қана біреуінде өнеркәсіптік өңдеуге жарамды мөлшерлерде мұнай мен газ табылады. Сахалин қайраңындағы геологиялық-барлау жұмыстар практикасы кәдімгі құрылым үшін әрбір ашылымға 4-5 іздестіру-барлау ұңғымалардан келетінін айтуға мүмкіндік туғызады.

— Инвесторлар қандай қаржылық тәуекелдерге барады және жобаға салынатын инвестициялар қаншалықты өзін-өзі ақтайды?

— Негізінде Өнімді бөлу туралы келісім мен Келісім-шарттар жасасу кезінде тараптар көмірсутектердің коммерциялық табылуы бойынша тәуекелдерді алдын ала түсінеді және әрбір нақты жағдайда оның мөлшерлерін азайтуға тырысады. «Құрманғазы» құрылымы бойынша біз «Роснефть» МК тең дәрежеде қаржылық тәуекелді бөлісеміз. «Аташ» және «Түпқараған» учаскелері бойынша барлау кезінде әріптесіміз «Лукойл Оверсиз» толықтай тәуекелге бел буады.

— Үкімет инвесторларға кеңшіліктер жасауға және геологиялық қауіптердің өсуіне байланысты Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру туралы Мемлекеттік бағдарламаны қайта қарауға тура келмей ме?

— Бұл жағдайда әріптестерімізге жер қойнауларын зерттеудің бұдан да қымбаттырақ және ілгері басқан технологияларды пайдалануға тура келеді. Ал мұнай-газ шоғырлануының жоғары мүмкіндігі бар кейбір блоктарда үш өлшемді сейсмикалық барлаудың қажетті көлемі өткізілуге тиіс. Бірақ қандай да бір кеңшіліктер немесе Мемлекеттік бағдарламаны өзгерту туралы сөз болуы мүмкін емес.
Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы кезекті сәтсіздік инвесторлардың мүддесіне әсері болуы мүмкін бе?

— Мұнай бағасы бұрын болмаған деңгейге жетті, осыған орай көмірсутектерді тапқаны үшін сыйақылар мен дивидендтер де өсетіндіктен болашақта инвесторларды көмірсутектерді табу мағынасында тәуекелділігі мүлдем жоғары жобаларға баруға итермелейді. Басқаша айтқанда, тәуекел салынған капиталдың қайтарылымдарына сәйкес болып келеді, ал бұл бизнестің іргелі қағидаларына қарсы келмейді.

— Жоғары газ факторы тіпті оң нәтижесі болғанда да өндіру рентабелділігін азайтады. Егер мұнайдың орнына газ табылса, онда өндіру мәселесі қалай шешілетін болады?

— Жоғарғы газ факторы, керісінше, мұнайды, әсіресе ауыр мұнайды өндірудің тиімділігін жоғары деңгейге көтереді. Сіз жер бетіне көмірсутектік қоспаны көтеруді жеңілдету үшін, ұңғымаға әдейі газ айдайтын мұнай өндірудің газлифтік тәсілі туралы естіген шығарсыз. Іздестіру жұмыстардың мақсаты — көмірсутек, мұнай немесе газдың өнеркәсіптік қорларын ашу болып табылады. Бірінші газды табайық -сосын Қазақстан экономикасы үшін коммерциялық игерудің әдістерін де анықтаймыз.
Ал әзірше түгел бір блоктің қорлары, әсіресе мұнай немесе газды өндіру туралы айтуға ерте, өйткені көмірсутектердің белгілері табылған тек қана бірінші іздестіру ұңғымасы Хазар құрылымында бұрғыланды. Ал мұндай құрылымдардың төртеуі бар. Осы жылда екінші ұңғыманы бұрғылау, Ауэзов құрылымында жоспарлануда, яғни геологиялық-барлау жұмыстары жалғастырылады. Барлау және бағалау бұрғылаудың барлық көлемі аяқталғаннан кейін ғана қорларды есептеуді өткізу және бекіту мүмкін болады.

— Тек қана жағымсыз геологиялық мәліметтерден емес, сондай-ақ біздің салық заңнамасынан, национализациялау идеясынан, мемлекеттік секторды күшейтуден шошынатын шетел инвесторлары үшін ресурстық тартымдылықты қалай ұлғайтуға болады?

— Инвестициялық тартымдылықты жасау — мемлекеттік маңызы бар іс. Бізде елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жөніндегі ұзақ мерзімді Мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді, уақыттың жаңа талаптарын ескере отырып заңнамалық базалар жетілдірілуде. Ең маңызды мәселелер жыл сайын Президент жанындағы Инвесторлар кеңесінің форумында талқыланады.

Біздің компания өткізетін іздестіру жұмыстардың нәтижесінде алынған геологиялық мәліметтер инвесторлар үшін жағымсыз болуы мүмкін емес. Кез келген, әсіресе ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде, алынған тура ақпарат бізді әріптестерімізбен бірге ырқымыздан тыс табысқа жақындатады. Бұл уақытпен және біздің бүкіл мұнай-газ индустриясын дамыту тарихымен дәлелденеді. Іздестіру геологиялық-барлау жұмыстары — бұл көптеген қызметкерлер мен мамандардың ұзақ та ұқыпты еңбегі. Осындай жұмыстар, әлбетте, шыдамдылық пен қажетті қаржылық шығындарды талап етеді, сонда ғана оңды нәтижелер көп күттірмейді.. Салыстыру үшін айтқым келеді, Канада, Австралия, АҚШ үкіметтері шығарылған өнім бағасының 5-8 пайызын барлық кезеңдеріндегі геологиялық-барлау жұмыстарына жұмсайды. Ал біз әлі Каспий жер қойнауындағы көмірсутек қорларына толық масштабты геологиялық барлаудың үлкен жолының бастауындамыз.

— «ҚазМұнайТеңіз» Каспий теңізіндегі жұмысқа тартылған жалғыз қазақстандық компания болып табылады. Шетел компанияларынан оның басты ерекшелігі қандай?

— Біздің стратегиялық шетелдік әріптестеріміз де, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК«АҚ да түпкілікті нәтижеде табыс табуға бағытталған. Алайда «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ шетел компанияларынан айырмашылығы, ол қазақстандық мамандарды оқыту, жұмыс орындарын нацонализациялау жөніндегі бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің қазақстандық мазмұнының өсуін бақылау, Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі теңіз операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған операторлық компаниялардың қызметін үйлестіру және басқару арқылы мемлекет мүддесін қорғайды. Ұзақ мерзімді перспективада «ҚазМұнайТеңіз»-дің басты мақсаты Каспий теңізі қайраңындағы көмірсутек шикізатының қорларын көбейту арқылы мемлекеттік активтер бағасының өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

— «ҚазМұнайТеңіз» Маңғыстау және Атырау облыстарындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен көңіл бөлетіні белгілі. Компания өңірлерде инфрақұрылымды дамыту мен жұмыс орындарын көбейту үшін қандай іс-әрекеттер жасайтынын айтып беріңіз.

— Өндірістік жұмыс жүргізілетін өңірлерде, яғни, Атырау және Маңғыстау облыстарында, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК«АҚ және оның әріптестері өз қызметтерінде әлеуметтік бағытты ұстанады. Барлауға арналған барлық келісім-шарттарда және өнімді бөлу туралы келісімдерде компанияның әлеуметтік міндеттемелері көзделген. Тек қана соңғы екі жыл ішінде Ақтауда халықаралық ағылшын тілі мектебі ашылды, Құрық ауылында 120 орындық балалар бақшасы салынды, Ақтау мемлекеттік университетінің оқу кабинеттері оқу және ғылыми мақсаттар үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Осы жылы Маңғыстау облысы Қызылөзен ауылына газ құбыры салынып жатыр. Осындай мақсаттарға бес жыл ішінде АҚШ 5,4 миллион долларға тең сома жұмсалыпты.
Жаңа операторлық компанияларды құрғанда бірінші кезекте жергілікті жоғары білікті мамандар бағаланады. Қазақстандық кадрлердің үлесі 86% құрайды. Ал көмірсутек шикізаттың коммерциялық табылу сәтінен бастап әлеуметтік сипаттағы барлық көрсеткіштер: халықтың жұмыспен қамтылуы, жергілікті бюджеттерге түсімдер , әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған инвестициялар көлемі шұғыл өседі.

— «ҚазМұнайТеңіз» компаниясында Қазақстанның мұнай-газ секторындағы рөлі ерекше. Ынтымақтастықтың қандай принциптерін сіз ең маңызды деп санайсыз?

— Бүгінде Солтүстік-Каспий жобасы бойынша консорциум қатысушылары туралы айтпағанның өзінде біз «Роснефть», ЛУКОЙЛ, «Шелл», «Оманойл», «Репсол» сияқты танымалды трансконтинентальдық мұнай компанияларымен, табысты қызмет жасаймыз. Әрбір әріптеспен Барлауға арналған келісім-шартты немесе Өнімді бөлу туралы келісімді жүзеге асыру жөнінде бірлесе қызмет жасау туралы шарт жасасылады. Бұл орайда «ҚазМұнайТеңіз» және оның әріптестері ынтымақтастықтың мынадай негізгі принциптерін ұстанады: жер қойнауын пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қазақстан заңнамасын сақтау және Келісім-шарттар мен ӨБК барлық талаптарын орындау, барлық материалдық міндеттемелер мен пайдаларды өзара экономикалық мүдделерге сәйкес пропорциональды түрде бөлу, әріптестің құқықтарына қысым жасауға және міндеттемелерді бұзуға жол бермеу, өзара ашық және транспарентті болу, кез келген қарама-қайшылықтар мен таластар туындаған кезде оларды достық келіссөздер арқылы реттеу.

— Каспий өңіріндегі көмірсутектерді өндіру жөніндегі жобаларға қойылатын негізгі экологиялық талаптар қандай?

— Өңірдегі табиғи теңгерімнің сақталуы — біздің компанияның саясаты мен стратегиясының ең маңызды құрамы. Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы және халықаралық құқықты қатаң сақтайды. Менеджмент пен табиғатты қорғау іс-шараларының тиімді үйлестірілуі және заманауи технологиялардың енгізілуі қоршаған ортаға ең аз әсер жасау туралы айтуға мүмкіндік туғызады.

Мысалы, қазіргі уақытта «ҚазМұнайТеңіз»-дің барлық жұмыстары «нөльдік тасталым» принципі бойынша жүргізіледі. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар бұрғылау қондырғыда арнайы сиымдарға жиналастырылады және одан әрі кейін арнайы полигонда залалсыздандырып жою үшін жағаға шығарылады.

Біз перспективалық учаскелерде барлау және ұңғымаларды салу бойынша апатсыз қызметіміз болашақта да қоршаған ортаға ешқандай әсер жасамайтына үміттенеміз. Ол үшін барлау жұмыстарды жасау кезінде нағыз заманауи және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін технологиялар, механизмдер мен аспаптар қолданылады. Біздің компания тартылған жобаларға тұрақты экологиялық мониторингі жүргіземіз. Әзірше бұл бақылаулардың жергілікті сипаты ғана бар, алайда жақын арада Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде өңірлік экологиялық мониторингінің жүйесін жасау және жүзеге ендіруге біздің қатысуымыз жоспарланып жатыр.

— Сіздің ойыңызша Каспий қайраңының қазақстандық бөлігінен мұнай мен газ кен орындарының жаңа ашылымдарын күтуге болады ма?

— Сөзсіз. Каспий теңізінің қазақстандық секторының мұнай-газдылық болашағы ешкімге күмән келтірмейді. Тұзасты палеозойлық түзілімдерде Қашаған, Қайран және Ақтоты кен орындары ашылды. Мезозойлық түзілімдерде Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындары, ал жақын орналасқан ресейлік құрылымдарда — Хвалынское және Сарматское кен орындары ашылды.

Каспий бойы мұнай-газ аймағы да, Скиф — Тұран платформасының көтерілімдер мен майысымдар жүйесі де мұнай-газдылыққа қатысты өте керемет, бірақ екеуінің де геологиялық құрылыстары күрделі. Түзілімдердің қалындығы бүкіл геологиялық қимада көмірсутектер шоғырланымының қалыптасуына жағымды жағдайлар бар. Каспий қайраңының қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жұмыстар бастапқы кезеңде және мұнай-газдылық перспективаларын жоғарғы дәрежеде жобалауға мүмкіндік беретін мол геологиялық-геофизикалық материал жиналыды. Өңірдің экологиялық қиындығына және геологиялық құрылыстың күрделілігіне қарамастан, Каспий теңізінің қазақстандық секторы ұзақ мерзімді барлаудыңбарысында өз инвестициялық тартымдылығын жоғалтпайды.

— Ел президенті ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында халықаралық мұнай және энергетикалық нарықтарда беделді және жауапты қатысушы ретіндегі мемлекеттің ұстанымдардың күшейтілуі басты вектор болып табылатынын айтты. Сіз осыған байланысты өз компанияңыз туралы не айта аласыз?

— «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 100% еншілес ұйымы, және, сондықтан, теңіз жобаларда мемлекет мүдделерінің өкілі болып табылады. Компания мұнай-газ секторындағы мемлекет ұстанымдарын күшейту саясатын жүргізуге белсенді қатысады.
Мәселен, жобадағы мемлекеттің үлесін 16,8% дейін жеткізу үшін, Солтүстік-Каспий жобасында қосымша үлес сатып алынады. Демек, осы жобадағы біздің ұстанымыз анағұрлым күшейеді. Қазірдің өзінде біз қазақстандық кадрлермен бірлескен операциялық компанияны едәуір толықтырылуы көзделген жаңа операциялық модельді құру жөніндегі келіссөздерге белсенді қатысудамыз. Және де барлық жобаларда қазақстан тарапының міндетті түрде 50-пайыздан кем емес қатысуы туралы қабылданған заң, ӨББ орнына келісім-шарттардың басқа түрлерін пайдалану мүмкіндігін қарастыру, жаңа теңіз жобаларындағы Қазақстанның ұстанымдарын анағұрлым күшейтті.

— Теңізден мұнай өндіру үшін мамандарды оқытуы — «ҚазМұнайГаз» ҰК кадрлік саясатының басымды бағыттарының бірі. «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы осы мәселені қалай шешетін айтып беріңіз.

— «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ» компаниясы қызметінің жағдайларында көп әлемдік мұнай компаниялары стратегиялық әріптестер болып табылатындықтан, кадрлік саясат ерекше маңызды иемденеді. Бүгінде «ҚМТ» компаниясының жоғары кадрлік потенциалы бар екендігін мен сеніммен айта аламын. Қызметкерлердің 48% астам мұнай саласындағы 10 жылдан жоғары жұмыс тәжірибесі барлар, 43% халықаралық жобаларда жұмыс істегендер, 44% ағылшын тілін біледі.
Компания 2006 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекіткен 2006-2010 жылдарға арналған мұнай теңіз операциялар үшін қазақстандық кадрлерді дамыту бағдарламасын басшылыққа алып келеді.. Бағдарламаға сәйкес, жас мамандардың жоғарғы білім алуы немесе шетел компанияларында тағылымдамадан өтуі мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 29 жас маман шетелде ұзақ мерзімді оқуда және беделді шетел мұнай және сервистік компанияларда тағылымдамада. Қажетті практикалық білімді алғаннан кейін олар Қазақстанға қайтып оралады және отандық мұнай-газ кешеннің игілігі үшін жұмыстарын жалғастырады.
Біз әріптестерімізбен бірге осы бағыттағы ынтымақтастығымызды жалғастыруға және 2015 жылға дейін осы тағылымдама бағдарламасы арқылы 200-ге дейін адамды «өткізуді» көздейміз. Лайықты кандидаттарды іздестіру үшін біз қазақстан және шетел техникалық жоғары оқу орындарымен, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесе қызмет істеп жатырмыз. Тұтастай алғанда, өндірістік процестердің халықаралық стандарттары мен қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі бар Каспий теңізінің қайраңындағы теңіз мұнай операциялары үшін қазақстандық кадрлерді дайындау үшін бес жобаларды іске асыру басталғалы бері 10 млн АҚШ доллар жұмсалды. Компанияның қызметкерлерге қажеттілікті бағалау және кадрлерді дайындау үшін екінші жыл қатарынан Британ университетінің консультанттарын шақыру фактісі маман-мұнайшыларды дайындаудағы біздің ниетіміздің шынайы екендігін дәлелдейді деп ойлаймын.
«ҚазМұнайТеңіз» — мұнай мен газ өндіру үшін қазақстан жер қойнауын барлайтын бірінші және жалғыз отандық компаниясы болып табылатынын атап көрсеткім келеді. Дегенмен біз жай ғана көмірсутектерді өндірмейміз. Біздің мақсатымыз — ел экономикасын дамыту. Бүгінде мен компаниямыздың барлық жобалары — мұнай-газ жобаларынан бастап әлеуметтік жобаларға дейін — осы стратегиялық мақсаттың орындалуын нақтылайтындығын атап айтқым келеді. Сол үшін де біз жұмыс істейміз.

 

Юрий Белый, Астана

«Мегаполис» № 27 (392), 14.07.2008

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою