«Теңіз» үшін кадрлар дайындау

9 қараша 2007

Каспий кен орындарын игеру белсенділігінің өсуімен байланысты білікті отандық мамандарға деген қажеттілік жыл сайын арта түсуде. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы білікті маман кадрлар жетіспеу проблемасының шешімі жас мамандар — қазақстан және шетел жоғарғы оқу орындарын бітірушілерді дайындауда деп түсінеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның басым бағыттарының бірі — теңіз мұнайын өндіру үшін мамандарды арнайы оқыту.

«ҚазМұнайГаз» ҰК-сы мен «Самрұқ» холдингі ұйымдастырып «Rixos» Президент отелінде 8-9 қазан аралығында өткізген адам ресурстарын басқару жөніндегі қазақстанның үшінші конференциясы осындай проблемаларды шешуге арналды.

Компания теңіз мұнай операцияларын жүргізу үшін қазақстандық кадрлар дайындауды көздейтін тиісті бағдарлама әзірледі. Бұл бағдарламаның негізгі құрамдауышы қазақстан мұнайшыларын халықаралық мұнай-газ және инжинирингтік компанияларда тәлімдемеден өткізу болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК-ның еншілес кәсіпорыны «ҚазМұнайТеңіз» МТК АҚ-да (КМТ) Univation (Роберт Гордонның Университеті, Шотландия) консультанттарының қатысуымен Каспий теңізі айдынындағы кен орындарын барлау және игеру жөніндегі жобаны іске асыру кезеңінде талап етілетін мамандардың сандық және сапалық құрамын алдын ала бағалау жүргізілді. Сарапшылардың бағалауы бойынша жуық арадағы 5-10 жылда МТК инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранымы шамамен 600 адамды құрайды.

Бұдан басқа, бірқатар ірі мұнай-газ және инжинирингтік компаниялармен келісссөздер жүргізілді. Олар өздерінің бүкіл дүниежүзі бойынша орналасқан офистері мен өндірістік объектілерінде қазақстандық жас мамандарды қабылдауға дайын екендіктерін білдірді. МТК-ның тәлімгерлері қазірдің өзінде-ақ Италия, Франция, АҚШ, БАЭ және Сингапурде жеке бағдарлама бойынша оқып жатыр.

Ең жуық арада МТК-ның жас инженерлерінің тағы бірнеше топтары Keppel компаниясына (Сингапур), KBR компаниясына (Ұлыбритания), Голландия мен Омандағы Shell өкілдігіне, WorleyParsons (Австралия) және басқа да мұнай-газ және сервистік компанияларға оқуға және тәлімдемеден өтуге жіберілетін болады. 10 инженер «КазФраМунай» (Франция) магистерлік бағдарлама бойынша оқудан өтеді.

Тәлімдеме орташа алғанда 2-4 жылға созылады. Осы уақытта жас мамандар өздерінің мамандықтары бойынша түрлі лауазымдар бойынша нақты жұмыс істеп тәжірибе алады, теориялық білімдерін кеңейтеді, шетел компанияларымен бизнес жүргізу әдістерін меңгереді. Жас мамандар тәлімдемеден табысты өткен жағдайда орталық аппаратқа немесе МТК-ның еншілес компанияларының құрамына мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылатын болады. Бұл ретте инженер-стажерлар өздеріне ұсынылған лауазым бойынша кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.

Әр бір жас маман үшін тәлімдеме мен оқудың арнайы бағдарламасы әзірленеді. Барлық мерзім бойында инженер-стажерлардың МТК-ның тәжірибелі мамандарының ішінен тағайындалатын жетекшілері өздерінің жас әріптестерінің оқу барыстарын қарап, мамандық мәселелері жөнінде ақыл-кеңес беріп тұрады.

Тәлімдемеге үміткерлер көптеген талап білдірушілердің ішінен таңдап алынады. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: техникалық мамандық бойынша жоғары білімі туралы дипломы болуы, ағылшын тілін міндетті түрде ауызша және жазбаша жақсы білуі, 5 балдық жүйе бойынша оқу үлгерімінің орташа балы кем дегенде 4,5 болуы тиіс, мұнай-газ секторында жұмыс тәжірибесі болғаны дұрыс және Қазақстаннан тыс жерлерге ұзақ уақытқа кетуге дайын болулары керек.

Бұдан басқа, МТК мұнай-газ салалары үшін мамандар дайындауды жүзеге асыратын қазақстан және шетел жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық жасайды, бос орындар жәрмеңкесіне қатысып тұрады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітіргендердің арасынан үміткерлерді іздеп табуға және таңдап алуға үлкен мән береді. Үстіміздегі жылы ҚазҒТУ, Губкин атындағы РМУ, Атырау мұнай және газ институты, Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, Стамбулдың техникалық университеті, Абердин университеті, Қорқыт-Ата атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан көлік және коммуникация академиясы және т.б. Қазақстанның, алыс, жақын шетелдердің жоғары оқу орындарының түлектері, жас мамандар конкурстан өтті.

Жуық жылдарда осы бағдарлама бойынша 250 жас мамандарды оқыту жоспарланып отыр.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою