Ақшұқыр селосында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы болды

7 маусым 2013

Баспасөз хабарламасы

Ү.ж. 5 маусымында Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы болды.

Бұл маңызды әлеуметтік құрылысты 2012 жылы барлау мерзімі біткесін жабылған «Түпқараған»» жобасы бойынша қаржыландырудың арқасында жүзеге асырылды.

«Түпқараған» жобасы бойынша өнімді бөлу туралы Келісімінің тепетең үлесіне ие «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның еншілес ұйымы және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» компаниясы.

Техникалық жобаны әзірлеуді және «кілтпен тапсыру» шартында құрылыс жүргізуді қоса алғанда, нысанның жалпы құны 119,8 миллион теңгені құрады.

Техникалық жобаны әзірлеген «Ақтау Сәулет-Құрылыс» ЖШС, ал балабақшаның құрылысын жүргізген бас мердігер — «Жаңа Қала Батыс» ЖШС-гі.

Жаңа амбулатория осы елді мекеннің тұрғындарына білікті медициналық-санитарлық көмек көрсету мәселесін шешуге бағытталған.

Дәрігерлік амбулатория бір аусымда 50 адамға қызмет көрсетуге арналған, оның жалпы алаңы 549,69 м2.құрайды.

Амбулаторияда дәрігерге дейін және дәрігерлік қабылдау бөлмелері, педиатр, акушер-гинеколог, физиотерапия бөлмелері, 10 орындық күндізгі стационарға арналған төрт палата және де өзге қызметтік бөлмелер бар.

Анықтама:

«Түпқараған» жобасы
Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ТМК АҚ 2003 жылдың 29 желтоқсанда Каспий теңізінде орналасқан «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге қолдарын қойды. 2004 жылы Өнімді бөлу туралы Келісімге қатысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ның жер қойнауын пайдалану құқығы Өнімді бөлу туралы келісімінің тепетең үлесіне ие «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» берілді.
«Түпқараған» жобасын жүзеге асыру үшін 2004 жылы «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» бірлескен операциялық компаниясы құрылды.
Жоба 2012 жылы барлау мезгілінің бітуіне байланысты жабылды, контракттық аумақ мемлекетке қайтарылды. Ақтау қ. «ТКОК Б.В.» филиалын жабу жұмыстары аяқталды. (2013ж.)

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100% еншілес мекемесі болып табылады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою