«ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ орталық офисін Ақтау қаласына көшіру туралы

5 қараша 2012

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ орталық офисі Ақтау қаласына көшетіні  туралы хабарлайды.    

2012 жылғы 19 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі өзінің еншілес компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-тың (бұдан әрі — ҚМТ) орналасу жерін өзгерту туралы шешім қабылдады.

ҚМТ-ны Ақтау қаласына көшіру Каспий теңізінің қазақстандық секторында жобаларды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  қызметі мен басқару құрылымын оңтайландыру қажеттілігіне негізделеді.

ҚМТ компания орталық офисінің тікелей мұнай-газ операциялары жүргізілетін өңірде  орналасуы басқарушылық шешімдерді шұғыл қабылдау үдерісін едәуір жеделдетеді және оң экономикалық әсер тигізеді деп күтеді.

ҚМТ орталық офисі Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, «Звезда Ақтау» бизнес орталығында орналасады.


Анықтама үшін:

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ  2003 жылғы 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100 % еншілес кәсіпорны болып табылады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою