«ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы Корея Консорциумымен бірге су асты бұрғылау қондырғысын пайдалануға бергенін хабарлайды

15 маусым 2012

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
14 маусым 2012 жыл
Астана қаласы

2012 жылдың 14 маусымында Құрық кентінде ( Маңғыстау облысы) су асты бұрғылау қондырғысына салтанатты түрде «Каспиан Эксплорер» (бұдан әрі — СБҚ) деген ат берілді.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан болашағы бар Жамбыл теңіз учаскесі бойынша «ҚазМұнайГаз»ҰҚ АҚ (бұдан әрі — ҚМГ ҰК) мен Корея Каспий Мұнай Жобасы (бұдан әрі — Корея Консорциумы) арасындағы принциптер туралы келісімшарт шеңберінде бұрғылау жөніндегі барлау жұмыстарын жүргізу үшін теңіз бұрғылау қондырғысының құрылысын салуға байланысты Корея жағының міндеттемесі қаралды.

Қабылданған міндеттемеге сәйкес Корея Консорциумы бұрғылау қондырғысын іске өзі даярлайды, оған қондырғының құрылысын жүргізу, тасымалдау және жинау түгел енген. Бұл Қазақстанда құрастырылған алғашқы су асты бұрғылау қондырғысы. Құрылыс жұмыстары үшін қазақстандық «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС өндірістік қуаты толық пайдаланылуда.

Бұрғылау қондырғысы судың тереңдігі 2,5–5,5 метр шамасындағы таяз тұстарында жұмыс істеуге бағытталған, ұңғыны бұрғылаудың ең терең мөлшері 6000 метр.

Принциптер туралы келісімшарт ережелеріне сәйкес сенімді басқаруға беру жөніндегі келісім негізінде «ҚазМұнайТеңіз» (ҚМТ) МҰК АҚ компаниясының 100 пайыз серіктесі «Теңіз Бұрғылау» ЖШС теңіз бұрғылау қондырғысының операторы болды.

 

«Теңіз Бұрғылау» ЖШС «Самұрық Холдингтің» 2008 жылғы 29 қаңтардағы шешімімен құрылды.

«Теңіз Бұрғылау» ЖШС-нің Каспий теңізі аумағында мұнайгаз ұңғыларын бұрғылау бойынша барлау, бағалау және пайдалануға беру жөніндегі қызмет түрлері анықталды.

Серіктестік 2011 жылы 25 тамызда ҚМГ ҰҚ, KC KAZAKH B.V. және KC KAZAKH PANAMA S.A. арасында қол қойылған осы бұрғылау баржасын жұмылдыру және пайдалануға беру туралы келісімшартқа сәйкес өз қызметінің екінші түрі — «Жамбыл» жобасында бұрғылау баржасының операторлығы» аясында жұмыс жүргізеді.

Корея компаниясы консорциумы құрамындағы KNOC (Корея Мемлекеттік Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы) — консорциумның 35 пайыз үлесіне ие. Қалған бөлігі Оңтүстік Кореяның ірі жекеменшік корпорацияларының (SK Корпорейшн (25 пайыз) және LG International Corp. (20 пайыз). Samsung Corp. Және Daesung Industrial Co. Ltd. (10 пайыз) қолында.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ көмірсутегін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциясының 100 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы» АҚ 2003 жылы 14 наурызда құрылған, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыз еншілес кәсіпорны.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою