«Адам ресурстарын басқару: hr инновациялары» vi халықаралық конференциясы

2 наурыз 2011

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

2011 жылғы 10-11 наурызда Астанада «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялары» VI халықаралық конференциясы өтеді ( www.skcu.kz)

Конференция «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «ҚазМұнайГаз» АҚ қолдауымен өткізіледі.

«Адам ресурстарын басқару: HR инновациялары» конференциясы — Қазақстандағы 6 жылдық тарихы бар ең ауқымды HR оқиға. Конференцияда төмендегі тақырыптар бойынша сөз қозғалады:

  • Адам ресурстарын басқару ісіндегі инновациялар;
  • «HR-бенчмаркинг» қазақстандық зерттеулер нәтижесі;
  • Жұмыс беруші бренді; корпоративтік қарым-қатынас; қызметкердің қызығушылығы;
  • Еңбек нарығындағы беталыстар, демографиялық жағдай, бізді болашақта не күтіп тұр;
  • Кәсіптік стандарттар;
  • Топ-менеджмент және HR, HR — бизнес иесінің көзқарасымен.

«Cенiм 2010»

Үстіміздегі жылы конференцияда алғаш рет 7 номинация бойынша Қазақстан Республикасының ең озат жұмыс берушісін айқындаған «Cенiм 2010» конкурсының қорытындысы жарияланатын болады.

Конкурстың ерекшелігі жеңімпаздарды айқындау үшін пайдаланылған АҚпараттар негізіне байланысты:

  • Қазақстанның 14 аймағындағы, Алматы және Астана қалаларындағы халықтан әлеуметтік сұрақ-жауап алу;
  • конкурсқа қатысушы-компаниялардың қызметкерлерінің қызығушылығы жөнінде сұрақ-жауап алу;
  • қатысушы компаниялардың (жұмыс беруші сауалнамасы) HR саясатына сарапшылар алқасының баға беруі;
  • «Компания жүзеге асырған ең озат HR жобаны» сарапшылар алқасының бағалауы.

«Сенiм 2010» конкурсының жеңімпаздары конференцияның бірінші күнінің соңына қарай марапатталады. Конкурс жеңімпаздарына дарынды қазақстандық шебер Серік Рысбектовтың еңбегі — күміс мүсіншелер тапсырылады.

Спикерлер

Financial Times версиясы бойынша менеджмент саласындағы «әлемдік білгір» Питер Сенгенің (АҚШ) қатысуымен өтетін видеоконференция нағыз елеулі оқиға болады. Қазіргі заманғы менеджментке профессор Питер Сенге идеяларының әсері орасан зор. «Оқытуды ұйымдастыру», «бесінші пән» немесе «интеллектуалдық үлгілер» сияқты ұғымдар басқару теориясында бұрыннан қалыптасып кетті. Осыған қарамастан, оқымыстының өзі тәуелсіз академиялық зерттеуші болып қалуды жөн көріп, бизнесмендер алдына сирек шығады. Ол өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру (learning organization) және жүйелік талдау саласындағы жетекші сарапшы болып табылады. «Бесінші пән», «Өзгерістер кезеңі: өзін-өзі оқытуды ұйымдастырудың жаңа қиындықтары» (The Dance of Change: The Challenges to Sustaining Momentum in Learning Organizations, 2004), «Шарасыз төңкеріс: Адамдар мен ұйымдар тұрақты әлем құру үшін қалай бірлесіп жұмыс істейді» ('The Necessary Revolution: How Individuals and Organizations Are Working Together to Create a Sustainable World', 2008) кітаптарының авторы.

Конференция спикерлері «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы Қайрат Келімбетов, сонымен қатар «Сбербанк» АҚ Басқармасы Төрағасының Орынбасары (Мәскеу) Сергей Горьков, Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша BG Group еңбек ресурстары бойынша басшысы (Ұлыбритания) Джонатан Коллинвуд, «РТЖ» ААҚ вице-президенті (Мәскеу) Дмитрий Шаханов сияқты беделді HR-басшылар, серіктес әрі Ward Howell компаниясының негізін қалаушылардың бірі Сергей Воробьев, Ресейдегі және ТМД-дағы «Хэй груп» компаниясының бас директоры және серіктесі Дерк Ян Кооле, Edexcell компаниясының қолданбалы оқыту бойынша директоры (Ұлыбритания) Джейсон Грегори, НК «ҚазМұнайГаз» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Шолпан Ержігітова, «ПетроКазахстан Оверсиз Инк» компаниясының өтемақылар және жеңілдіктер бойынша директоры Мария Девайн, «КАТКО» БК ЖШС адам ресурстарын басқару бойынша директоры Мақпал Нүсіпова, «Аджип ККО» АҚ оқыту бөлімінің бастығы Тимур Шақуов және басқ. болып табылады.

Конференцияның екінші күні Гарвард университетінің Жоғары білім беру мектебінің оқытушысы, MINDS AT WORK™  компаниясының ортақ құрылтайшысы және директоры Лиса Лахей сөз сөйлейді. Роберт Кеганмен бірлесіп ол «өзгерістерге иммунитет» ұғымын жасап шығарды, онда тұлғалық қарсыласу және ұйымдастыру трансформациясының себептері ашылады. Көптеген тілдерде жарық көрген «Өзгерістерге иммунитет» (Immunity to Change, 2009), How The Way We Talk Can Change The Way We Work (2001), кітаптарының авторы. Лиса Лахей және Роберт Кеган басқаруды ұйымдастыру саласына қосқан қомақты үлестері үшін Gislason сыйлығымен наградталған.

Конференцияның мәртебелі қонақтары

HR саласына тікелец қатысы жоқ (саясаткерлер, бизнесмендер, шоу-бизнес өкілдері және т.б.) әйгілі және табысты адамдардың менеджмент және қызметкерлерді басқару стилі соңғы жылдарда жұртшылықтың зор қызығушылығын туғызып отыр. Олар адамдарды қалай басқарады, қандай әрекеттер жасайды, олар адамдарды орртақ іске қалай жұмылдырады деген сұрақтарға «Топ менеджмент және HR. HR бизнес иесінің көзқарасымен» тақырыбында мәртебелі қонақтармен өтетін ток-шоуда жауап алуға болады. «Мәртебелі қонақтар» ток-шоуы — бұл қызметтері HR мамандығымен тікелей байланысты емес, бірақ өз жұмысында олар маңызды ресурстар — адамдарды табысты басқаратын қоғамға әйгілі тұлғалармен әңгімелесу форматы. Мәртебелі қонақтар дәрежесінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, белгілі музыкант Марат Бисенғалиев, табысты бизнесмен Қайрат Мәжібаев шақырылды.

Конференцияда өткен жылы М.Лермонтов ат. театрдың көркемдік жетекшісі Рубен Андриасян, «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер және «Ак жол» партиясының Төрағасы Әлихан Бәйменовтың қатысуымен өткен ток-шоу көрермендердің зор қызығушылығын оятты. Қонақтар өз жетістіктерінің тарихын әңгімелеп берді және қызметкерлерді басқару саласындағы баға жетпес тәжірибелерімен бөлісті.

www.skcu.kz

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою