«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Корей Консорциумымен бірлесіп теңіз бұрғылау қондырғысы құрылысының басталғандығы туралы хабарлайды

27 шілде 2011

2011 жылғы 27 шілдеде Құрық кентінде (Маңғыстау облысы) жаңа теңіз бұрғылау қондырғысы құрылысы басталуының салтанатты рәсімі болды.
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ" АҚ (бұдан әрі — ҚМГ ҰК) мен Каспий Мұнай Жобасының Корей Консорциумы (бұдан әрі — Корей Консорциумы) арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан болашағы зор «Жамбыл» теңіз учаскесі бойынша принциптер жөніндегі келісім аясында корей жағының геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған теңіз бұрғылау қондырғысын салу бойынша міндеттемесі көзделген.
73% үлестік қатысумен ҚМГ ҰК және 27% үлеспен Корей Консорциумы Жамбыл жобасының қатысушылары болып табылады. Бұл жобадағы ҚМГ ҰК мүддесін оның еншілес компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК, АҚ білдіреді.
Қабылданған міндеттемелерге сәйкес Корей Консорциумы Бұрғылау қондырғысының құрылысы, тасымалдау және жинау жұмыстарын да атқарады. Құрылысқа «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС қазақстан компаниясының өндірістік қуаты пайдаланылады. Бұрғылау қондырғысы 2012 жылдың екінші тоқсанында салынып бітеді деп жоспарлануда.
Бұрғылау қондырғысы бұрғылау тереңдігі 6000 метрлік ұңғымасы бар таяз сулардағы (2,5–5,5 м) жұмыстарға арналған.
Қазіргі кезде бұрғылау қондырғысын жұмылдыру және пайдалану жөніндегі келісімге қол қою аяқталуда, онда пайдалануға беру тәртібі мен механизмі және бұрғылау қондырғысының пайдалануға берілгеннен кейін теңіз бұрғылау қондырғысына операция жүргізу кіреді. Аталған келісімге қол қою 2011 жылдың 3 тоқсанында жоспарланып отыр.
Принциптер жөніндегі келісім шарттарына сәйкес теңіз бұрғылау қондырғысының операторы болып сенім білдіретін басқарма ретінде «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК, АҚ еншілес компаниясы — «Теңіз Бұрғылау» ЖШС тағайындалды.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою