«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Мұнай-газ саласына шолу: дамудың маңызды үрдістері» деген тақырыпта семинар өткізді

9 желтоқсан 2010

KMG 

Баспасөз релизі
9 желтоқсан 2010 жыл
Астана қаласы

Осы жылғы 9 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (бұдан әрі — ҚМГ ҰК) БАҚ-дағы мұнай-газ тақырыбы бойынша материалдардың сапасын арттыруға және бәсекелес, ақпараттық кеңістік қалыптастыруға бағытталған таныстыру іс-шараларының шеңберінде Астана қаласында «Мұнай-газ саласына шолу: дамудың маңызды үрдістері» деген тақырыпта семинар ұйымдастырды.

Шараға жетекші республикалық БАҚ-тың журналистері қатысты.

Семинар барысында «Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу жөніндегі агенттік» ЖМ директоры Қайнар Қожымов қатысушыларға Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы ынтымақтастығының ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп берді.

Қ.Қожымовтың айтуына қарағанда, экономиканың қарқындап дамуы, урбанизация және өмір сүру-деңгейінің өсу процестеріне байланысты Қытайда мұнай тұтыну жылдан жылға ұдайы артып келеді.

— Қазақстанның Қытаймен тығыз ынтымақтастығына қарамастан біздің қорларымыз теңізге тамған тамшыдай ғана. Егер Қазақстан үшін 2009 жылы Қытайға жалпы экспорт көлемі 45% құраған болса, Қытай үшін бұл (нақты алғанда) жалпы мұнай импортында бар болғаны шамамен 3% білдіреді,- деді Қ.Қожымов

ҚМГ ҰК Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Алмаз Масалин журналистерге мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай тасымалдау, мұнай өңдеу және сату, газ тасымалдау және маркетингі, мұнай-газ саласына қызмет көрсету сервисі сияқты бес бизнес-бағытты көздейтін «ҚазМұнайГаз»-дың Ұзақ мерзімді стратегиясы туралы әңгімелеп берді.

— ҚМГ ҰК стратегиялық мақсаты — мұнай қоры мен оны өңдеу-деңгейі жағынан 30 жетекші елдердің қатарына өту. «ҚазМұнайГаз» өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сай келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде дамитын болады, — деп атап өтті А. Масалин.

Шараның соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК, АҚ 100 пайыз акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

 
Қоғаммен байланыс департаменті
»ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, АҚ

Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19
тел. +7 (7172) 976–340, факс: +7 (7172) 976–329
www.kmg.kz

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою