Әуезов-1 барлау ұңғымасы құрылысының нәтижелері бойынша

4 қараша 2008

Әуезов-1 барлау ұңғымасын сынау сәтті аяқталғаннан кейін «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани  Б. В.»(КМОК) «Жемчужины» келісім-шартты териториясының аумағында тағы бір(екінші) мәрте мұнай табылғандығын растады.

Тереңдігі 2465 м Әуезов-1 барлау скважинасы құрылысының жұмыстары түгелімен бекітілген техникалық жобалар мен қоршаған ортаға әсер етуді бағалау жобасына сәйкес жүргізілді. Скважина құрылысының барысында үздіксіз экологиялық мониторинг өткізілді.

Әуезов құрылымы Хазар құрылымынан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан 2007 жылы ықшам-DST сынағы және кешенді геофизикалық зерттеу бағдарламасы (ГЗ) мұнайдың сынауыш үлгілері «Жемчужины» учаскесінде ең бірінші мұнай табылғандығын растады.

КМОК Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы, Жемчужины келісім-шартты территориясындағы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» және «Оман Перлз Компани Лимитед» қатынасатын Бірлескен Операторлық Компаниялар ретінде теңіз жобасының операторы болып табылады.

Анықтамалық:

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б.В» компаниясы (КМОК) Нидерланды Корольдігінің территориясында 2007 жылы 8 қаңтарда құрылды. «КМОК» құрылтайшысы болып табылатын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы -40%, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед-40% және Оман Перлз Компани Лимитед 20%.Қазақстан Республикасындағы «КМОК» филиалы 2007 жылдың сәуір айында Ақтау қ.. (Маңғыстау облысы) тіркелді.

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы АҚ 2003 жылдың 14 наурызында құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес мекемесі болып табылады. «Оман Перлз Компани Лимитед» Англия мен Уэлс құқықтарына сәйкес 2005 жылы 2 қарашада тіркелген жауапкершілігі шектеулі жеке компания болып табылады және Оман Сұлтанатында орналасқан «Оман Ойл Компани» компаниясының 100%-қ еншілес мекемесі.

Өнімді бөлісу жөніндегі келісімге (ӨБК) 2005 жылы 14 желтоқсанда «Жемчужины» келісім-шартты территориясында қол қойылды, «Жемчужины» жобасы бойынша ӨБК-ге қол қойған тараптар, Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-мы(25%), «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» (55%), және «Оман Перлз Компани Лимитед» (20%).

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою