АТАШСКИЙ УЧАСКЕСІНДЕГІ БІРІНШІ ІЗДЕУ-БАРЛАУ ҰҢҒЫМАСЫН БҰРҒЫЛАУДЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ

28 сәуір 2008
«Аташ компаниясы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Аташский теңіз учаскесіндегі бірінші іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы хабарлайды. Тереңдігі 2500м ұңғыманы бұрғылау үшін өзін-өзі көтеретін жүзбелі бұрғылау қондырғы (ӨКБҚ) «Астра» пайдаланылады. Ұңғыманы салудың ұзақтығы шамасымен 100 күн құрайды.

Аташский учаскесі Солтүстік Каспийдің орталық бөлігінде орналасқан, оның құрамына Аташ, Қазақстан және Марал құрылымдары кіреді. 2004-2006 жылдары мұнай-газдылығы келелігін бағалау үшін учаскіде сейсмалық-барлау және электрондық барлау жұмыстары, сондай-ақ инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізілді.

2007 жылы «Қоршаған ортаға Аташ № 1 іздеу-барлау ұңғымасын салудың әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Олардың нәтижелері бойынша іздеу-барлау ұңғымасын салу туралы «Аташ компаниясы» ЖШС-нің ниеттерімен келісіп шешім қабылданды.

Бұрғылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Каспий экожүйесіне минималдық әсерін жасауға кепілдік бере алатын «нөл түсірілісі» ұстанымын сақтап мүлтіксіз жүзеге асырылады.

Бұрғылау мердігері өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жағалауға шығаруды және оларды арнаулы полигонда бұдан былай қайта өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ апаттан сақтап қалу және апатты жою шараларын, оның ішінде су бетінен мұнайды жинауды көздейтін апаттық жағдайларда іс-әрекеттер жоспары өңделген. Бұрғылау жұмыстар барысында қоршаған ортасы жағдайының тұрақты мониторингі іске асырылады.

Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-мы 2003 жылдың 29 желтоқсанда «Аташский» учаскесі шектерінде барлауды жүргізу туралы келісім-шартқа қолдарын қойды. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның жер қойнауын пайдалану құқықтары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф  Б. В.» тең құқылы құрылтайшылары болып табылатын «Аташ компаниясы» ЖШС-не берілген болатын.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 2003 жылдың 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның 100-пайызды еншілес кәсіпорны болып табылады.

«Лукойл Оверсиз Шельф  Б. В.» — Қазақстан Республикасы Каспий теңізінің қайраңында мұнай жобаларын іске асыру үшін құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.»-ның 100-пайызды еншілес компаниясы.


Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою