«Хазар» құрылымындағы барлаулық бұрғылау нәтижелері

2 қазан 2007

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясы 2007 жылғы тамыз айының аяғында басталған «Хазар» құрылымындағы барлаулық бұрғылаудың нәтижелері көмірсутегінің бар екенін көрсеткенін қуана хабарлайды. Қосымша ақпарат ұңғыманы салып болғаннан кейін берілетін болады.

Бұрғылау өздігінен көтеретін «Астра» жүзбелі бұрғылау қондырғысымен жүргізілуде. «Хазар» құрылымы Баутино поселкесінен (Маңғистау облысы) 90 км. жерде орналасқан.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясы Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы «Жемчужины» жобасы бойынша бірескен операциялық компания болып табылады. Компания бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамалары мен техникалық қауіпсіздік ережелерінің барлық талаптарын басшылыққа алады және толық сақтайды. Теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде ластаушы заттарды нөлдік тастау принципі сақталады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу экологиялық мониторингпен сүйемелденеді.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» келісім-шарттық аумағындағы Өнімді бөлу туралы келісіміне (ӨБК) 2005 жылғы 14 желтоқсанда қол қойылды. ӨБК-нің Тараптары Қазақстан Республикасын білдіретін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы: «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 25%, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» — 55% және «Оман Перлз Компани Лимитед» — 20%.

Анықтама:

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясы 2007 жылғы 08 қаңтарда Нидерланд Корольдігінің заңнамасына сәйкес құрылған болатын. Осы жылдың сәуір айында Актау қ. (Маңғыстау облысы) компанияның филиалы тіркелді. «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  Б. В.» компаниясының құрылтайшылары: Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед — 40%; Оман Перлз Компани Лимитед — 20%; «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 40%. «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы акционерлік қоғамы 2003 жылғы 14 наурызда құрылған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады. Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед Шелл компаниясы тобының мүшесі. Оман Перлз Компани Лимитед — жауапкершілігі шектеулі жеке компания. 2005 жылғы 2 қарашада Англия мен Уэльс құқығына сәйкес тіркелген және Оман Сұлтанатында орналасқан «Оман Ойл Компани» компаниясының 100% қатысуымен оның еншілес компаниясы болып табылады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою