Жаңа әлеуметтік жоба – Маңғысту облысының Құрық поселкесінде 120 орындық бала бақша салудың басталуы туралы

6 тамыз 2007
2007 жылғы 3 тамызда Маңғысту облысының Құрық поселкесінде 120 орындық бала бақша құрылысының «алғашқы кірпішін» қалау рәсімі болып өтті.

Осы әлеуметтік құрылыс жобасын іске асыру «Аташ», «Түпқараған», «Құрманғазы» және «Жемчужины» жобалары бойынша серіктестердің құрылысты бірлесіп қаржыландыру жөніндегі шешімдерінің нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда айтылған жобалар жөніндегі әлеуметтік міндеттемелердің қаржысын біріктіру Маңғыстау облысында анағұрлым мәнді де ауқымды объектілерді қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру жөнінде жасасылған Келісімге сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі уәкілеттендірілген ұйым арқылы мердігерлерді таңдап алады және құрылыстың барысына техникалық байқауды жүзеге асырады. Техникалық жоба жасауды, «кілтпен қоса» тапсыру шартын әзірлеуді қоса алғанда, объектінің болжамды түрдегі жалпы құны шамамен 160 000 000 теңгені құрайды. Құрылыс объектісін аяқтаудың жобалық күні — 2007 жылғы желтоқсан айы. Техникалық жобаны әзірлеу мен бала бақшаны салуды бас мердігер — «Құрылыс ҰК» ЖШС жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген теңіз мұнай-газ жобалары бойынша серіктестер:

  •  «Аташ» жобасы — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф  Б. В.» компаниясы;
  •  «Түпқараған» жобасы — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф  Б. В.» компаниясы;
  •  «Құрманғазы» жобасы — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «РН-Қазақстан» ЖШҚ;
  •  «Жемчужины» жобасы — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ , «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» компаниясы және «Оман Перлз Компани Лимитед» компаниясы.
Осылардың барлығы да Каспий теңізінің Қазақстан секторында орналасқан мұнай құрылымдарын игеру мен әзірлеуге бағытталуы осы төрт жобаны біріктіріп тұр. Барлық жобалар бойынша өздерінің Операторлық компаниялары тағайындалды. Олар қызметті серіктес-компаниялар атынан және солардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

Анықтама:

«Аташ» жобасы

«Аташ» учаскесі шеңберінде барлау жүргізуге арналған Келісім-шартқа Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнаГаз» ҰК АҚ арасында 2003 жылғы 29 желтоқсанда қол қойылған. 2004 ж. мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жер қойнауын пайдалану құқығы «Аташ компаниясы» ЖШС табысталды. Оның тең құқықты құрылтайшылары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф  Б. В.» компаниясы; «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 2003 жылы құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на 100% тәуелді болып табылады. «Лукойл Оверсиз Шельф  Б. В.» — Қазақстан Республикасының Каспий қайраңындағы мұнай жобаларын іске асыруға арнапып құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» компаниясының 100% еншілес компаниясы.

«Түпқараған жобасы»

Каспий теңізінде орналасқан «Түпқараған» учаскесі бойынша өнімді бөлу Келісіміне Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында 2003 жылғы 29 желтоқсанда қол қойылған. 2004 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жерді пайдалану құқығы Өнімді бөлу келісімі бойынша Өнімді бөлу келісімінің тең құқықты тараптары болып табылатын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф  Б. В.» компаниясына табысталды. «Лукойл Оверсиз Шельф  Б. В.» — Қазақстан Республикасының Каспий теңізі қайраңындағы мұнай жобаларын іске асыру үшін құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» компаниясының 100% еншілес компаниясы.

«Түпқараған» жобасын іске асыру үшін 2004 жылы «Түпқараған Оперейтинг Компани  Б. В.» бірлескен операциялық компаниясы құрылды. «Түпқараған» учаскесі Каспий теңізінің қазақстан секторының орталық бөлігіне орналасқан.

«Құрманғазы» жобасы

Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы» құрылымы бойынша өнімді бөлу туралы Келісімге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «РН-Казақстан» ЖШҚ қол қойды. «Құрманғазы» жобасы бойынша өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу мақсатында 2005 жылғы 06 шілдеде «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «РН-Қазақстан» ЖШҚ-мы Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы» құрылымын игеру жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды.

«РН-Қазақстан» жауапкершілгі шектеулі қоғамы 2001 жылғы 19 сәуірде құрылған және ««Роснефть Мұнай компаниясы» ААҚ-тың еншілес кәсіпорыны болып табылады.

Жобаның Операторы ретінде 2005 жылғы 01 қыркүйекте құрылған «Құрманғазы Петролеум» ЖШС тағайындалды және ол «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-ның 100% еншілес серіктестігі болып табылады.

«Жемчужина» жобасы

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Жемчужины» келісім-шарттық аумағындағы өнімді бөлу туралы келісімге Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед компаниясы, Оман Перлз Компани Лимитед компаниясы 2005 жылғы 14 желтоқсанда қол қойды. Жоба бойынша Оператор болып табылатын «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани  B. V.»компаниясы 2007 жылғы 08 қаңтарда Нидерланд Корольдігі аумағында құрылды. Тараптардың үлестері бірлескен операциялық компанияның жарғылық капиталында былай бөлінді: Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед — 40%; Оман Перлз Компани Лимитед — 20%; ҚазМҰнайТеңіз — 40%.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 2007 жылғы 3 тамыз

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою