“ШЫҒЫС ҚҰЛАНДЫ” УЧАСКЕСІНДЕГІ СЕЙСМИКАЛЫҚ БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

16 мамыр 2006

Аралмаңы мұнай-газды учаскесін игеруде іздестіру-барлау жұмыстарының келесі кезеңі басталады. Шығыс Құланды перспективті участкесінде “ҚазМұнайТеңіз” ТМК АҚ-ның 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын кіріседі.  

Шығыс Құланды участкесі бойынша Жылдық Жұмыс жоспарының шеңберінде сейсмикалық барлау жұмыстарының техникалық жобасы мен осы жұмыстардың қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы (ҚОӘБ) әзірленді. “ҚазМұнайТеңіз” ТМК АҚ-мы заңнамалық нормалар мен шарттық ережелерді нақты сақтай отырып  өңір жұртшылығын 2006 жылғы 2 мамырдан бастап тамыздың 15-не дейін жүргізіледі деп жоспарланып отырған алдағы сейсмикалық барлау жұмыстары туралы хабарландырып отыруға ниет білдіріп отыр.  

Жүргізілген әсерді бағалауға сәйкес, сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, қоршаған ортаға негізгі әсер етуші көздер  мыналар болып табылады: тұрақты және қозғалмалы көздерден атмосфераға шығарындылар (автокөліктердің, генераторлардың қозғалтқыштарындағы жанған отын өнімдерінің шығарындылары, ЖЖМ қоймаларындағы мұнай өнімдерін айдау, сақтау және босату кезінде шығатын көмірсутектерінің  түрлі құрамдары);  әсердің табиғи факторлары (объектілердегі өндірістік жабдықтардың, қозғалтқыштардың, құрылғылар мен механизмдердің шуылы); су бұрулары (өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар); қалдықтар (сұйық, қатты).  
Сейсмикалық барлау жұмыстарын сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен пайдаға жаратудың алдыңғы қатарлы әдістерін пайдаланып жүргізу жоспарланып отыр. Мұндай жұмыстар осы өңірде қалыптасқан санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауына ықпал етпейтін болады. Барлық қалдықтар, табиғатты қорғау заңдарының қолда бар жалпы қабылданған технологиялары мен талаптарына сәйкес, жиналып алынатын, пайдаға жаратылатын, орналастырылатын көмілетін болады.

Тұтастай алғанда сейсмикалық барлау жұмыстарының биосфера элементтеріне әсер ету дәрежесі Қызылорда облысының экологиялық жүйесінің бейімделу мүмкіндігінің шекті аралығында болады. Өндірістік объектілердің халық қоныстанған жерлерден алыста болғандағынан, жобаны іске асыру адамдардың өмір сүру жағдайы мен денсаулығына әсер етпейді.

“Экологиялық сараптау туралы” заңның талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұсынымдары бойынша Қызылорда қаласында 2006 жылғы сәуірдің 1-нен бастап 6-на дейін өтетін жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жөніндегі қоғамдық пікірді есепке алу жүргізілетін болады.  
Көмірсутектері шикізатының шоғырлары ашылған жайғдайда жобаны іске асыру, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына анағұрлым оң әсер ете алады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, өңірлік инфрақұрылымды дамытудың жаңа күшіне ие болады, жергілікті ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктері пайдаланылатын болады, әлеуметтік саланы қолдау кеңейе түседі, кадрларды тиісті түрде оқыту басталады, жергілікті бюджетке алым-салықтың түсімі артады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою