«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің мәжілісі туралы

16 ақпан 2016

2016 жылғы 09 ақпанда Д.Р Абылғазиннің төрағалық етуімен«Атамекен»  Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кезекті мәжілісі өтті.

Мәжілісте мұнай мен қара түсті мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баждарға, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік нысандарын, мұнай өнімдері базаларын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын  бақылау-есептеу аспаптарымен (БЕА) жарақтандыруға  байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасында офсеттік сясатты  енгізу  мәселелері талқыланды.

Мұнайдың бағасының төмендеуіне және жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының тым азайып кетуіне байланысты мұнай-газ өндіруші секторға салықтық жүктемені оңтайландыру  мәселесі шешімін табуды қажет ететін аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта солардың бірі ЭКБ ставкасын  мұнайдың әлемдік бағасын ескере отырып, мұнай және мұнай өнімдерінің бағасына байланысты белгілеу  болып табылады. Осы тақырып бойынша пікірталас барысында ұсынылған ұсыныстардың бірі  - 2016 жылы  қайта қарау және өзгерістер енгізу мүмкіндігімен ЭКБ бойынша шкаланың  уақытша мерзімін қарастыру.  Оған қоса, Қазақстандағы және РФ-дағы мұнай өнімдеріне баға белгілеуге әсер ететін салық салу бойынша қазіргі айырманы ескере отырып, ҚР Біріктірілген салық  және кеден  кодексін құру бойынша жұмыс барысында  ішкі нарыққа мұнай жеткізудің  табыстылығын ұлғайту мақсатында  оған  салық салу  жүйесінің өзгерістеріне ерекше назар аудару керек.   

Жаңа жоғары технологиялық өндірістер құру қазіргі уақытта күрделі мәселелердің бірі болып тұр, ол үшін Қазақстанда офсеттік саясатты енгізу жоспарланып отыр.  Осы орайда, комитет мүшелерінің пікірінше жаңа саясат қазіргі уақытта жұмыс істеп отырған кәсіпорындар мен компаниялардың  жағдайын нашарлатпауы тиіс. Мәжіліс қорытындысы бойынша,  жуық арада  жер қойнауын пайдаланушылардың офсеттік міндеттемелері мәселесі  бойынша топтастырылған ұстаным  және ұсыныстар жасап шығару  үшін  және ҚР инвестициялар және даму, энергетика, әділет министрліктеріне тиісті ақпарат жіберу үшін «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мүдделі тараптардың қатысуымен  мәжіліс өткізу  туралы шешім қабылданды.  

Мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымын  мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР ҚМ Мемтабыстар комитетіне  2016 жылғы 01 қаңтарға дейін мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік нысандарын, мұнай өнімдері базаларын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын  бақылау-есептеу аспаптарымен (БЕА) жарақтандыру міндеті қойылды.   2015 жыл бойы және қазіргі уақытқа дейін «Атамекен» ҰКП, KAZENERGY  қауымдастығы және салалық қауымдастықтар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп  өндірістік нысандарды БЕА жарақтандыру бағдарламасын іске асыру бойынша амалдарды  пысықтау бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.  Бұл мәселені шешу мұнай өнімдерінің айналымын, салық салу, баға белгілеуді  бақылау мәселесін жеңілдетеді және Қазақстан нарығындағы ЖЖМ тапшылығы тәуекелін төмендетеді. Сонымен бірге,  келісім жасау  процесінде БЕА орнату мерзімін кейінге қалдыру,  жобалауға мемсараптама рәсімдерінен өту және СМР, ҚР қазыналық  органдарына деректер беру үшін жабдықтар орнату және іріктеу және басқа  мәселелер қалып отыр.   

«Атамекен» ҰКП, KAZENERGY  қауымдастығы мәжілісінің қорытындысы бойынша  жоғарыда аталған барлық мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

KAZENERGY  қауымдастығы

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

S.Ismailova@kazenergy.com

 

 

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою