«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның жаңа вакансиялары

16 наурыз 2011

Қоғаммен байланыс департаментінің 1-санаттағы менеджері

Лауазымдық міндеттері

  • бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауаптар мен түсініктемелер, сұхбат, ҚМГ басшылығының көпшілік алдындағы баяндамаларының жобаларын дайындау; материалдардың БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету
  • буклеттерге, пресс-папкаларға, бюллетеньдерге, басқа да полиграфиялық өнімдерге, ҚМГ қызметі туралы бейне және аудио материалдарға, ҚМГ-ның корпоративтік мерзімді басылымдарына мәтін дайындау
  • кәсіби жабдықпен фото-бейнетүсірілімдерді қамтамасыз ету, желілік емес монтаждау станциясын/ Adobe базасында фотобейнелерді өңдеу бағдарламасын пайдаланып бейнематериалдарды редакциялау, фото және бейнематериалдарды сандық тасымалдағыштарда мұрағаттау, сандық фото және бейне мұрағатты жедел жаңарту

Біліктілік талаптары мен құзыреттері:

  • жоғары кәсіби білімі (гуманитарлық, «журналистика», «қоғаммен байланыс» мамандықтарына басымдық беріледі)
  • «PR» маманданымы бойынша курстарды аяқтау туралы сертификаттардың бар болуы
  • республикалық БАҚ (ТД және мерзімді басылымдарда) редактор, арнайы тақырыптарды жүргізу, колумнист жұмыс тәжірибесі — кемінде 5 (бес) жыл
  • командада жұмыс істеуді білуі
  • стреске төзе білуі
  • ДК және Интернетті жақсы пайдалана білетіндерге, қолданбалы бағдарламаларды игергендерге басымдық беріледі
  • қазақ және ағылшын тілдерін еркін білетіндерге басымдық беріледі
  • ҚМГ компаниялар тобында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады
  • жұмыстар портфолиосын ұсынуы

Жұмыс орны: Астана қ.

Түйіндемені 2011 ж. 1 сәуіріне дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне жіберу керек («PR/журналист» белгісімен).

 

Қоғаммен байланыс департаментінің 2-санаттағы менеджері

Лауазымдық міндеттері

  • корпоративтік веб-сайт редакторының функцияларын атқару (веб-сайттың барлық тілдегі нұсқаларын контент-қолдау, дизайнды әзірлеу)
  • ҚМГ-ның Интернет ортасында қатысуын және алға жылжуын қамтамасыз ету (ақпаратты Интернетте орналастыру, KZ, RU, COM доменді аймақтарда ҚМГ туралы ақпаратқа мониторинг жүргізу, ақпаратты жинақтауды және жинауды қамтамасыз ету)

Біліктілік талаптары мен құзыреттері:

  • жоғары білімі, «журналистика», «филология» мамандықтарына басымдық беріледі
  • Интернет-комуникациялар және Интернет-жобалар саласындағы жұмыс тәжірибесі — кемінде 3 (үш) жыл
  • ДК және Интернетті жақсы пайдалана білетіндерге, фото және бейнематериалдарды өңдеуге және редакциялауға арналған қолданбалы бағдарламаларды (Photoshop, InDesign, Adobe After Effects және т.б.) игергендерге басымдық беріледі
  • қазақ және ағылшын тілдерін еркін білетіндерге басымдық беріледі
  • стреске төзе білуі

Жұмыс орны: Астана қ.

Түйіндемені 2011 ж. 1 сәуіріне дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне жіберу керек («PR/журналист» белгісімен).

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою